№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәуелсіздік үшін күрескен нәзік жан

Тәуелсіздік үшін күрескен нәзік жан



Көп уақыт өтпей микрофонмен «Жастар, араларыңда бұзақылар бар. Олар сендерді арандатып жатыр» деп айта бастады. Артынша арнайы жасақ бізді қоршап, артымыздан қуып, ұрып-соға бастады. Арамыздағы ер-азаматтар қыздарды қорғаштап, бізді ала-мала қолтықтап қашты. Күннің ызғары соншалық, орталық алаң әп-сәтте мұз алаңына айналды. Суықтан жаурап, денеміз қалшылдап, аяғымыз мұзға тайды. Бірақ бұл жастарды жасытқан жоқ. Біз алаңнан кетуді ойламадық, – деп еске алып, үнсіз қалды апа.
Менің де апайдың үнсіздігін бұзуға, жанарындағы мұңды көре тұрып, ары қарай сөйлеп кетуге батылым бармай, үндемей отыра бердім. Арада 2-3 минут өткеннен кейін Айшаһар апай көзінің жасын бір сүртті де, әңгімесін жалғады.
– Қазір айтуға оңай, сол жылғы желтоқсан айындағы дүрбелең көз алдымнан еш кетпейді, жүрегімнің түбінде мәңгі сақаталатын жара ғой! Кейде ойға алсам, денем түршігеді. Еңгезердей сарбаздар ешкімді аямады. Арқаға, басқа, денеге тиген соққылар есеңгіретті. Олар ешкімді де аяп жатпады. Қашып бара жатып мен де арқама тиген дубинканың әсерінен жерге сұлап түстім. Сол кезде бізге көмектескен курстанттар болды.
Одан кейін бір жылға дейін кешқұрым жүруге қорқып қалдық. Өйткені, талай жасты оқудан, комсомол қатарынан шығарды. Алаңдағы суреттер арқылы әр студентті тауып, сұрақтың астына алды. Бала күннен арман еткен оқудан да қол үзіп, үреймен күн артынан күн өткіздік. Алаңға киіп барған киімді көзден таса қылдық. Дубинкадан соққы алған жеріміз біразға дейін көгеріп, кетпеді. Бірақ бұл алаңда жүрекке түскен жараның қасында ештеңе де емес.
Біз құдашам Гүлнара Оспанова екеуміз бір-бірімізден көз жазып қалдық. Оның қайда кеткенін мен білмеймін, менің қайда кеткенімді ол білмейді. Арада бір күн өткеннен кейін екеуміз қауыштық. Сондағы біздің күйімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірнеше жыл соғысқа қатысып, еліне сағынышпен аман оралған сарбаз секілді болдық. Оған тиген таяқтың қаттылығы соншалықты, қолы сынып, сүйектері шытынапты. Ауруханаға апара алмаймыз. Түрік сынықшы апаға көрсетіп, саусақтарын біртіндеп салдырып, сүйектерін салдырғанбыз. Мұздай темір құрсанған қызыл жендеттердің алдындағы қорқынышымызды оянған ұлттық мүддеміз, бойымыздағы маздаған намыс отымыз ештеңеге қарамастан бәрін басып тастады, – дейді кейіп­керіміз.
Шыны керек, желтоқсан оқиғасының нағыз куәгерімен сөйлескеннен кейін бойымды ерекше бір сезім билеп, санам сан сауалға толып кетті. Менің осы күйімді байқады-ау деймін, Айшаһар апай әңгімесін әрі қарай жалғай түсті.
– Осылай жастарды аяусыз ұрып-соғып, негізсіз айып тақты. Шетінен ұстап алып, көліктеріне тиеп, айдалаға апарып, адам құрлы көрмей төге берді, төге берді. Сонда жастар рухани қолдау көрсететін адамға зәру болды. Роза Бағланова апамыз келіп, «Айналайындар, балаларым менің, мен сендермен біргемін!» деп айтқан сөзі есімнен кетпейді.
Байқаймын, Роза Бағланова апа­мыздың сол кездегі қайсарлығы, жас­тарға білдірген қолдауы еш­жерде айтылмайды. Қаншама жел­тоқсаншылар оқиғаны айтып жатады. Бірақ, ешқайсысының аузынан ондай естелік айтылмайды, – дейді Айшаһар Байменова.
Мақаланы жазу барысында, Ай­шаһар апайдың әңгімесінен кейін жанында болған құдашасы Гүлна­рамен де тілдесуді жөн көрдік. Содан ұялы телефонды қолға алып, Гүлнара апаймен сөйлестік.
– Жалындаған жас кезіміз. Құда­шам Айшаһар екеуміз бірге жұмыс жасаймыз. 16-сы күні бізді ертерек босатты. Абай көшесіне шықсақ, біз секілді өрімдей жастар Дінмұхаммед Қонаевты лауазымнан алып тас­тады, орнына өзге ұлтты қояды дегенге қарсылып білдіріп жатты. Біз де орталарына қосылып, қазақ азаматының билікке келгенін қаладық. Сап түзеген әскерилер алаңға жиналған жастарды аяусыз ұрып-соғып, үстеріне су шашып, қыздардың шашынан тартып, тепкіледі. Ол таяқты біз де көрдік. Шынымды айтсам, осы оқиға есіме түскен сайын сол кездегі таяқ қайтадан денеме тигендей болады, – деді желтоқсаншы Гүлнара Оспанова.
Қазіргі күні екі қазақтың батыр қызы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ана, аяулы жар.
Кейіпкеріміз А.Романов атындағы №53 мектепте ұстаздық етеді. Оқушылар кездесуге шақырып, желтоқсан оқиғасын қанша сұраса да ашылып айтпай, оның себебі бұл қасірет қайта болмаса екен деген тілектер болар.
Расында, қанды оқиғалар ұлты­мыздың басын қайта келмесін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Әсел РЗАЕВА
16 желтоқсан 2022 ж. 243 0