Ешкі сүті толағай табыс көзі

Күнделікті өріске шығып, шөпті жерден жұлып жемей, қорада қамаулы тұрған малдың күтімі, әлбетте оңай емес. Сөзі мен ісі бір жерден шығатын еңбек адамының жұмысын бізде өз көзімізбен көрдік. Бәрінен бұрын тазалықты бірінші орынға қоятын Махаббат апайдың ешкі сауудағы әрекетіне сүйсіндік. Ешкіні саумас бұрын, оның желінін жақсылап тазалап жуып, содан кейін ғана саууға кірісті. Ал, алдына таққан алжапқышының мұнтаздай аппақтығына таңқалдым. Құдды, қымбат мейрамханада жұмыс жасайтын даяшыларды елестетті. Ал, арнайы соғылған қора-жайы да тап-тұйнақтай. Лақтарын бөлек, сауын ешкілерін бөлек ұстайтын бұл кәсіпкер отбасының әрбір тірлігінің жинақы екендігі көзге көрініп тұрды.
Сондай-ақ, арнайы үйіне іздеп келіп, ақшасын беріп сатып алса да алғысын айтып жатқандарын да көрдік. Осыдан-ақ, табиғи таза өнімге халық тарапынан сұраныс шынымен жоғары екеніне көзіміз жетті. Содан болар ешкі сүтінің пайдасын там-тұмдап болса да айтылып та, жазылып та келеді. Қандай дерт болмасын, ағзаны күшейтіп, қорғаныс қабілетін арттыруға таптырмас дәрумен.