№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауыл дамыса – мемлекет өркендейді

Ауыл дамыса – мемлекет өркендейді

 Адам өмірінің өзегі болып табылатын асыл құндылықтарды алақанымен аялап, ас-азыққа айналдырып, адамзат игілігіне ұсынып отырған алтын  тамырлы ауылымыз аман болсын.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде «Ауылды дамыту туралы Жарлыққа қол қоямын» деді.
     «Қазір сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті арқаны кеңге салмай бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы  ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшінмен бүгін ауылды дамыту туралы Жарлыққа қол қоямын»
      Ауылды дамыту ондағы еңбеккерлердің жұмыс жасауына жақсы жағдай қалыптастыру деген сөз. Тұрмыс жағдайы оңалса еңбек өнімділігі де артады. Жұмыскердің жағдайыының түзелуі оның көңіл-күйінің жадыраңқы болуына, сайып келгенде, адам қолымен атқарылатын сапалы құндылықтардың қалыптасуына алып келеді. Сондықтан бұл шешім халықтан  терең ықыласына ие болатыны анық.
26 қараша 2022 ж. 356 0