№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сәби иісі

Сондай отбасының бірі – Нұрлан мен Гүлназ. Үйленгеніне он жылдан аса уақыт болса да бір-біріне деген шынайы сезімінің арқасында бірге тұрып жатыр. Бірінің көңілін бірі демеп жүр. Қаралған дәрігерлерінен алмаған емдері жоқ. Алдымен екеуі де  емделген. Нәтиже болмаған соң бар үмітін сенімге жеңдіріп жауқазын өмірлерінің қысы мен жазын бірге өткізуде. Таңертеңнен қара кешке дейінгі жұмыс ғана алданыштары. Дерек көздері республика бойынша 14 мың әйелдің бедеу, мыңнан астам еркектің белсіз екенін мәлімдейді. Мамандар мұны Қазақстанның ғана емес, Жер шарының ортақ мәселесі екенін айтады.

Бұл жаға ұстатарлық жәйт. Қаншама қыз-келіншек бала сүю бақытын көре алмай бесігі бос тұрып, шаңырағының шайқалып жатқанын естудің өзі ауыр. Бірақ ащы да болса шындық.

Осындайда баласын далаға тастап кетіп жатқан қаракөздерімізді қайда қоясың. Сенген адамы тастап кете барған талай бойжеткендер осындай келеңсіздікке тап болып жас өмірі қор болып жүр…

Психологтар әкесінен көрмеген жылуды, естімеген әдемі сөздерді көшедегі көк аттыдан естіп басы айналып қалатынын айтады. Осындайда қыз балаға әкесінің жылуының аса маңызды екенін айтқымыз келеді. Бұл бөлек тақырып.

Осы белсіздік пен бедеуліктің себебін анықтасақ. Дәрігерлер осыған дейін үйленген екі жас 2-3 жылға дейін балалы болмаса мұны қалыпты дейтін болса, бүгінде бір жыл бойы жүктілік пайда болмаса бедеулік болатынын айтып дабыл қағуда. Әйел бедеулігі екі түрлі. Алғашқысы туа біткен, екіншісі жүре пайда болған. Іштен туа біткен бедеулікке жатыр түтігінің бітелуі, жыныс мүшелерінің, жатырдың жетілмеуі жатады. Кейінгісі саламаты өмір салтын ұстанбай, түрлі ауруларға жол беру, сондай-ақ алғашқы жүктілігіне түсік жасату басты себеп болып тұр.

Белгілі ғалым, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова өздеріне емделуге келген әйелдердің 80 пайызы кезінде түсік жасатқандар болып шыққанын мәлімдеген. Демек, жаратылыстың берген сыйынан саналы түрде бас тарту осындай қасіретке әкелетіні дәлелденген. Бұдан бөлек, жатыр мен жатыр түтікшелеріндегі сырқаттар, түтікшелерінің бітелуі, жыныс мүшелерінің қабынуы, эндометриоз, етеккірдің бұзылуы, гармондық бұзылыстар, тағы көптеген факторлар бедеулікке алып келеді.  

         Бұған дейін балалы бола алмау тек әйелдедің мәселесі болып келсе, енді ер азаматтардың арасындағы белсіздік белең алып айналып барады. Бала өрбіту, өмірге ұрпақ әкелу тек нәзік жандылардың ғана проблемасы емес. Қаншама ер азамат мұны мойындағы келмесе де шындық осы.

Дәрігерге қаралып, емделіп енді «бәрі жақсы» деген талай әйелдердің азаматтары балалы болуға қауқарсыз болып жүр. «Жаңақорған шипажайы» ЖШС-нің уролог дәрігері Рысбек Тасжановтың айтуынша қазіргі таңдағы некелескен жұптардың балалы болмауына әйел қандай жауапты болса, ер азаматтар да сондай жауапкершілікті сезінуі тиіс. Бүгінде аталық ұрығы әлсіз еркектер көп. Десе де ер азаматтар тексерілуге келгенде құлықсыз. Көбіне әйелдер ғана қаралып, дәрігер жағалап кетеді. Ер азаматтар дәрігердің тексерілуіне келмейтінін баса айтуымыз керек. Олар ең соңғы жағдайда, амалсыздан келеді. Кейбір ер азаматтар тексерілгеннен кейін жүкті етуге жарамды ұрығының болмай шыққанын естіп жатамыз.

– Еркектің белсіздігіне ұрпақ өрбіту жүйесіндегі қабынулар, аталық бездің, қуық асты безінің қабынулары жыныс-несеп мүшелерінің дамуындағы ауытқулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар әсер етеді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанбай, тек компьютердің, телефонның алдында күн ұзақ отырып, қимыл-қозғалыстың ас болуын жатқызуға болады, – деді.

         Иә, расымен адамның балалы болу қабілеті де, уақыты да шектеулі. Үйленгеннен кейін уақыт оздырмай дәрігерге қаралса шартты түрде болуы тиіс инфекциялардан уақытылы емделіп балалы болуға болады екен. Десе де ер азаматтарымыздың енжарлығы көп жағдайда отбасының шырқы бұзылғалы жатқанда ғана келуіне мәжбүр етеді. Негізі ер азамат та, әйелдер де 35 жасқа дейін дәрігерге қаралып, нақты диагноздары арқылы емделсе әрі қарай мүмкіндік бар. Ал 35 жастан кейін ұрықтың сапасы нашарлап кетеді екен. Бұл жайлы ауданаралық емхананың басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Ғалия Төребаева әйел-аналармен қоса ер-азаматтардың да денсаулығын көлеңкеде қалдырмау керектігімізді алға тартады.

– Балалы болмаудың ең басты мәселесі тамақтың да сапасына тікелей байланысты. Қазір күнделікті тұтынып жүрген тағамдарымыз табиғи құрамынан баяғыда алыстап кетті. Оның үстіне көбі фаст фуд тағамдарына әуес. Сосын адамзаттың бөлінбес бөлшегіне айналған микротолқынды пештер, компьютер, ұялы телефондар да бедеулікті асқындырып жіберген. Сосынғысы уақытылы дәрігерге қаралмай ұзақ жүру. Денсаулығына мән бермеу осы жағдайлар бедеулікке әкеліп соғатынын айтуымыз керек, – деді. Адам қимыл-қозғалысының азаюы бедеуліктің негізгі себебі екен. Бұрындары балалар еңбекпен есейсе, бүгінде телефонмен бірге өсіп жатыр. Ғалымдар жеткіншектерімізге жыныстық тәрбиені мектептерде қолға алу қажеттігін айтуда. Әр-түрлі аурулардың алдын алу жөнінде дәрістердің білім ошақтарында берілуі қажеттігін айтуда.

         Иә, баланың ең алғашқы тәрбиесімен ата-на айналысса, кейінгі мектеп қабырғасында қаланады. Дұрыс тәрбие беру, талғамды тамақтану, өмір сүру салтының өзектігі ұрпағымызды көбейтудің алғышарты. Бедеулік пен белсіздік қоғамды жайламас үшін де әркім өз денсаулығына жіті қарауы керек.  Әлемде 50 миллионға жуық жан осы кеселге ұшырағанын дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы жариялауда. Десе де бұл жазылмайтын жара, емделмейтін ауру емес. Сондықтан да бала сүю бақытына ие болу үшін уақыт оздырмайық.

16 ақпан 2023 ж. 167 0