Халықтың сенімі бәрінен құнды
Нақтылап айтқанда, әділ тартқан таразын, содан тапқан жарасым жаны таза, рухы биік, намысты қолдан бермейтін, жалғандыққа ермейтін, жаны асыл қоғам мүшелерінің болашаққа артқан сенімінің шынайы көрінісі бұл.
Қазақстанның келешегін кемел қалыптастыруда тура жол, әділ таңдауын жасай алған отандастарымыз қатарында Сыр өңірі халқының саяси әлеуетінің басқалардан бәсі басым, болжамы биік, интуициясының тереңнен танылуының өзі қасиетті мекен халқының жергөгінде ұлт қайнарының уызына жарып, тамыры тереңге тартқан сырлы шежіренің сарқытына қанып өскен қадір-қасиетінің нәтижесі болар.
Ел Президентінің әсіресе еңбек адамының құқының әділ де, тиімді қорғалуын басты назарға алып отырған позициясы қалың бұқараның шынайы сүйіспеншілігін тудырып отырғанын айтқымыз келеді. Өйткені жасампаз қоғамдағы барлық жақсылық пен жаңалық атаулы сол қарапайым еңбек адамының маңдай терімен жасалады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламгер отбасында туып, тәрбиеленген тұлға. Ал жазушы қоғам тынысының ұстыны, ұлтқа, руға бөлінбейді, жүрегінде жер бетіндегі адамзатқа ортақ жалғыз ақ тілек бар. Осындай жанұяда өскен ұланның халықшыл болуы заңды да.
Ал мұндай азаматқа халқының сенімі қашан да қымбат.
Баян Үсейінова, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы.