» » Көптің қолдауы көлеңкеңді ұзартады

Көптің қолдауы көлеңкеңді ұзартады


Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан кәсіпкерлеріне Үкімет тарапынан бекітілген бағдарламаларға сәйкес берілетін тиімді несие, басқа да жәрдемдер мен жеңілдіктер жайлы кеңінен талқыланған семинар кеңесі өтті. Кәсіпкерлік саласы бойынша Жаңақорған ауданы облыста алдыңғы орында тұр. Бүгінгі таңда тіркелген 5862 кәсіпкерлік субъектісінің 96 пайызы толық жұмыс жасап түр. Елдің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға деген ұмтылысы қуантады. Мемлекеттен бөлінген қайтарымсыз қаржы, төмен пайыздық мөлшерлемемен берілген көмек-қолдауды тиімді пайдаланып, мақсатты кәсіп ашуға талпыныстың нәтижесінде бұл көрсеткіш одан әрі артатын болады. Ендігі мәселе, жан-жақты өз жағдайын тіктеуді ғана емес, ел дамуы көрсеткішіне лайықты үлес қосуға әлеуеті айқын жеке кәсіп иелерін қолдау жағы көңілдегідей ме?

Жиынға Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, «Бизнеске арналған үкімет» КММ-сі Инновациялық техникалық бөлімінің басшысы Салтанат Қияқбекқызы, «Бизнеске арналған үкімет» КММ-сі директорының орынбасары Нұржан Тоқмұрза, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорла облысы бойынша филиалының бағдарламаларды ілгерілету бойынша бас менеджері Индира Сүлейменова, «Аграрлы несие өтті корпорациясы» АҚ несиелендіру бөлімінің маманы Еркінбек Рақымшаев, «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің несие бөлімінің эксперті Ернұр Нұрахметов, «Атамекен Қызылорла микроқаржы ұйымының несие менеджері Нұрмахан Әлімбетовтер қатысты.

Жиын барысында эксперттер аудан кәсіпкерлеріне тиімді несие, мемлекеттік жәрдемдер мен қаржылық қолдаулар туралы ауқымды ақпараттар беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап,сұрақтарына жауап берді.

Жасұлан Сейдеметов
12 қараша 2022 ж. 246 0