» » "Кәсіпкерлерді қолдау" шаралары бойынша кеңейтілген семинар өткізілді

"Кәсіпкерлерді қолдау" шаралары бойынша кеңейтілген семинар өткізілді


Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан кәсіпкерлеріне агроқұрылым, Үкімет тарапынан бекітілген бағдарламаларға сәйкес берілетін тиімді несие, басқада жәрдемдер мен жеңілдіктер жайлы кеңінен түсіндіру мақсатында семинар өтті.


Жиынға Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, "Бизнеске арналған үкімет" КММ-сі Инновациялық-техникалық бөлімінің басшысы Байжанова Салтанат Қияқбекқызы, "Бизнеске арналған үкімет" КММ-сі директорының орынбасары Тоқмұрза Нұржан Жәнібекұлы, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының бағдарламаларды ілгерілету бойынша бас менеджері Сүлейменова Индира Кеңшілікқызы, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ несиелендіру бөлімінің маманы Рахымшаев Еркінбек Мирамбайұлы, "Қызылорда" өңірлік инвестиция орталығы" микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің несие бөлімінің эксперті Нұрахметов Ернұр Саматұлы, "Atameken Qyzylorda" микроқаржы ұйымының несие менеджері Алимбетов Нұрмахан Бахрамұлы қатысты.

Жиын барысында эксперттер аудан кәсіпкерлеріне тиімді несие, мемлекеттік жәрдемдер мен қаржылық қолдаулар туралы ауқымды ақпараттар беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
10 қараша 2022 ж. 205 0