Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алаяқ интернет дүкенді қалай анықтаймыз?

Алаяқ интернет дүкенді қалай анықтаймыз?


Қазіргі қоғамда алаяқтардың қатары көбейді. Әсіресе, интернет арқылы арбау-алдау, дүкендерден тапсырыс қабылдау сынды алаяқтық деректер өршіп тұр. Сондықтан тапсырыс берушілер бірінші ол дүкендердің мекенжайын, қызметін көріп алуы тиіс. Ол үшін мынандай міндеттемелерді білгеніңіз жөн. Бұл жағдайларды аудандық полиция бөлімі түсіндіріп берді.
Ең алдымен алаяқтардың қолына түспеу үшін тек тексерілген интернет-дүкендерді таңдап, әлеуметтік желілер немесе жарнамалық сайттар арқылы алдын-ала жасалған тапсырыстарды төлемеу керек. Егер өнім сізге өте қажет болып тұрса немесе оның бағасы өте тартымды болса, тапсырыс берер алдында интернет-дүкенді алаяқтық жөнінде тексерген жөн. Ол үшін тіркеу күнін анықтаңыз.
Егер сайт жақында жасалған болса (бір апта немесе тіпті бір ай бұрын), оны алаяқтардың пайдалану мүмкіндігі өте жоғары екенін естен шығармаңыз. Форумдардағы немесе мамандандырылған кері байланыс сайттарындағы басқа адамдардың кері байланыстарын оқыңыз. Егер мұндай пікірлер болмаса немесе теріс пікірлер көп жазылған болса, сатып алудан бас тартыңыз. Өте жақсы пікірлердің көптігі де сізді алаңдатуы керек. Себебі бұл пікірлер тапсырыспен жазылған болуы мүмкін немесе шындыққа жанаспайды.
Дүкеннің ұсынысын нақты бағалаңыз. Брендтік коллекцияны бастапқы құнынан 90 процент жеңілдікпен қою, тәркіленген тауарды сату немесе электрондық техниканың флагмандық модельдерін жарты бағада сату, бұның барлығы алаяқтардың құрған торы болуы әбден мүмкін.

Міне, полиция бөлімінің мәліметі осындай қағидаларды сақтай отырып, ақпараттың аққарасын анықтауға болады. Ең бастысы, алаяқтардың құрығына ілініп қалмаудың алғы-шартын білгендеріңіз абзал.

                                                                                                                                       Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
16 сәуір 2023 ж. 786 0