Табиғаттың гүлі солса да мейірімнің гүлі солмайды. Өйткені ол жүректе гүлдейді. Мейірім шуағыңды өз отбасыңда жақындарыңа төгіп, жандарына қуаныш сыйлауға болады. Оған шама-шарқың, құзыретің жетті делік. Ал тұтас қоғамға қалай қызмет етуге болады?
Ол жағдайы мықтының, қолы ұзынның, бүгінгі сөзбен айтқанда миллионер меценаттың қолынан келетін шаруа емес пе? Өзгемізге не жорық? Өз басымызға май жа¬ғып алайық. Санамызға шегеленген түсінігіміздің сиқы осы. Сол себепті бейқамбыз. Сол себепті айнала¬мыздағы ауыртпалықтан арыла ал¬май жүрген бауырларымыздың жағ¬дай¬ына селт етпейміз. Сөйтсек, тоң¬мойындықтың тоңын сөгіп, саңы¬лаудан жол тауып, тақыр жерге тамшыдай үлес қосса да жақсылықтың дәнін егіп, мына әлемді сұлуландыра түсу үшін миллионер тіректен гөрі мейірімді жүрек қымбатырақ екен. Міне, осындай ізгі жүректілердің басым бөлігін жаңа желкілдеп жетіліп, өмірден өз орнын бекемдеуге көшкен егемен елдің жастары құрап отырғаны сүйсінерлік жағдай.
Бұлар кімдер? Бұлар тоқсаныншы жылдардан кейін өмір есігін ашқан ұрпақ.
Еліміз егемендігін алған елең-алаң шақта жас мемлекетіміз буынын жаңа тіктеген сәбидей қаз тұра бастаған кезі. Барлық нәрсе тапшы. Жарықтың өзі бірде болса бірде жоқ. Дүкен сөрелері бос. Нақ осы кезеңде дүниеге келген ұл-қыздарымызға біз қандай тәрбие бердік? Өте үлгіілі тәрбие бердік. «Сіздерді біздің үйге тамақ ішіп кетсін деп шақырып жатыр». Көп үйдің қазаны оттан қағылған қиын-қыстау шақта біздің балаларымыз¬дың ең жақсы көретін, аузыңнан шықса болды, көрші туғанның үйіне зырылдап жеткізуге асығар аяулы бір сөзі осы еді, осы қасиет олардың өмірлік ұстанымдарына айналғанына, «көршісі аш болып, өзі тоқ отырған мұсылман емес» қағидасын қазық ет¬кен мінез қалыптасарына қарап жа¬ның сүйсінеді. Бұл имани тәрбиенің же¬мі¬¬сі. Қазақы әдет-ғұрып, салт-санасы¬мен қайта қауышқан жұртшылық бар¬дың қадіріне жетіп, табылған қара нанды қастерлеп, туғанмен бөлісіп жеп, құдайын еске алған сол ке¬зеңдері тұрмыстағы тапшылықты ру¬хани құндылықпен байытып, кі¬сілік жағынан кемелденудің киесін мойындаған ата-ана имани тәрбиенің маңызын түсініп, мектептерде де дін өкілдерімен кездесулерге шынайы мән берілді. Нәтижеде обал-сауапты аттамайтын, өтірік айтпайтын, досын сатпайтын адал ұрпақтың негізін бала жастан қалыптастыруға қол жетіп, келешек жалғандыққа бармайтын, пара алмайтын, өзі де пара бермейтін, біреудің ақысын жемейтін, онымен қоса мұқтажды көрсе демейтін, көңілмен желеп-жебейтін иманды бір толқын өсіп шықты. Қазір қоғамның кілті солардың қолында.
Өз туған жерімізде соның бір тұғыры – «Жаңарған Жаңақорған жас¬тары» еріктілер ұйымы. Оның қатары жүздеген жастармен толығып келеді. Өздері бір анадан туғандай тату. Руға, топқа, тайпаға бөліну сияқты ислам¬да жек көрілген сұрықсыз құбылыс оларда атымен жоқ. Таза жүректі баршасын бір мақсатқа ұйыстырып тұрған бір ғана ұлы күш – Жақсылық жолы деп аталады. Осы жолда кішісі үлкенін тыңдап, кәсіптерін шыңдап, тынысы ашыла түскен ынталы топтың құқықтық сауаттылықтарын тереңдетіп, өмірге икемді, ең басты¬сы өз-өздеріне сенімділікке баулып, жөн-жоба көрсетіп отырған жетекші тәлімгері де, заңгері де олардың өз араларынан табылып тұр.
Ерікті жастар құрамы тек ер аза¬маттардан тұрады. Ал қыз балалар ше? Табиғатында бастамашыл істерге талабы зор, кез келген ұжымда ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы бо¬лудан танбаған нәзік жандылар өз¬дерінің «Нұрлы шуақ» деп аталатын еріктілер ұйымын құрғанына да төрт жылдың көлемі болды. Бұл туралы газетімізде ілгеріректе жазған екенбіз.
Бұл ұйымның атқарып жатқан жұ¬мыстарына келсек, қолы қысқа мұқтаж жандарға қайырымдылыққа бағытталған. Соның бірі жақында өт¬кен «Балаларға жылылық сыйлайық» қайырымдылық акциясы. Бұл ретте тұрмысы төмен отбасы балаларына жылы киім алып берумен қатар қатты мұқтаждық туып отырған жанұяларды қыстық отынмен қамтамасыз ету жағы да қарастырылыпты. Оны қа¬лай ұйымдастырды? «Нұрлы шуақ» еріктілер тобы ел ішінде тұрғындар жағдайын жіті зерттеп, хал-күйі төмен отбасыларға қалталы азаматтардың демеуші болуына негіз қалап келеді. Қоныстағы «Ордакент» ардагерлер мен жастар ресурстық орталығында ашылған «Қамқор» дүкені келушілерді қажетті бұйымдармен қамтамасыз етуді мойынға алған. Биыл отыз күн оразада ауызашарға тәттілер апарды. Әр жұмада тегін нан таратуды қолға алған. Тұрмысы төмен отбасы балаларын мектеп құралдарымен қамтамасыз етті.
Үш рет қайырымдылық акциясын өткізіп, жәрмеңке ұйымдастырып, түскен қаржыны қатты жарақат алған Жомарт бауырымыздың емделуіне аударып берді.
Бүгінде қатары елуден асқан топқа ерікті түрде келіп қосылушылар көп екен. Бәрекелді дедік. Өйткені бір адам жаққан отқа мың адам жылынатынын еске алсақ, бұл ізгілікті істің берекесі бүгінге ғана емес, тіпті арғы дүниеде де иесін шаттыққа кенелтіп, сауапқа жазар өміршеңдігімен қымбат.
Баян ҮСЕЙІНОВА