«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Терроризмге Тосқауыл

Терроризмге Тосқауыл


Жыл сайын дәстүрлі түрде терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмысына барлық сала қызметкерлері жұмылдырылып, алдын-ала дайындық пысықталады. Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, әлемдегі соңғы жағдайлар мұны бекіте түседі.

 Апта басында Жаңақорған ауданы «Кегок» ЖШС аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу шаралары жүргізілді. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб іс-шарасы жоспарлы сипатқа ие және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылды. Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жаңақорған ауданының жедел штабының күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындауға дайындығын тексеру.

Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді. Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жүргізген кезде бірлесе әрекет еткен маңызды. Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірігіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жүргізді. Яғни аудан тұрғындарына сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға кеңес берді.
«Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл сөзді ұстанып, үнемі қоғамның қауіпсіздігі үшін күштік құрылымдардың бірлескен арнайы операциялар өткізіп, террорлық әрекеттерге қарсы дайындықты пысықтап отыру маңызды.

Соңғы жылдары мүдделі топтар мен діни экстремизмдік ұйымдардың террорлық актілеріне қарсы кұрес өзекті мәселеге айналды. Әсіресе, түрлі бағытты ұстанған діни секталар бейбіт өмірдің берекесін кетіріп, қантөгіс майдан ашуда. Радикалды діни ағымдар қатарында қазақстандықтар да бар екенін жасыра алмаймыз. Бұл дегеніміз, радикалды топтардың әрекетіне қырағылық танытып, үнемі дайындықты шыңдау керектігін көрсетеді. 2016 жылы да осындай алдын алу іс-шарасының куәсі болған едік.

– Жедел қызмет органдарының ұйымдастыруымен оқу-жаттығу шарасы өтті. Бірлесе жұмыс істегеннің нәтижесінде лаңкестер құрықталды. Тұрғындардың амандығы қымбат. Сондықтан жаттығу жиынына мән беру маңызды. Бұл ел көлемінде өткізілетін шара болған соң, әр аймақ дайындығын пысықтап алды. Лайым, ел іші тыныш болсын. Егер төтенше жағдай туындай қалса, сарбаздар іске кірісуге дайын болуы тиіс. Бұл біздің басты міндетіміз! – дейді жауапты мамандары.

Әли ТЕМІРБЕК
12 қазан 2022 ж. 790 0