"Атамекен" кәсіпкерлер палатасында ӘКК АҚ-на жүргізілген сыртқы талдау нәижелері талқыланды
2022 жылы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Атамекен» Қызылорда кәсіпкерлер палатасы алаңында "Байқоңыр (Байқоңыр) "Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмысының нәтижелері талқыланды.
Шараға департамент өкілдері, "Байқоңыр (Байқоңыр) "Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының басшылық құрамы, Қызылорда облысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелері және өңірдің жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Іс-шара барысында сыртқы талдау нәтижесімен анықталған тәуекелдер мен оны жою бойынша берілген ұсыныстар талқыланды.
Мәселен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті есептен шығару кезінде тәуекелдер орын алған, яғни тауар жеткізілгеннен кейін 3 айдан астам уақыт өткеннен кейін ӘКК өнімдердің бір бөлігі дұрыс сақталмау салдарынан жарамсыздығы анықталып, есептен шығарылған.
Атап айтқанда, 2021 жылы басты пияз - 288 тоннаның - 204 тоннасы (барлық дерлік көлемі) немесе 11 млн. теңгеге, сәбіз - 80 тоннаның - 44 тоннасы (жартысы) немесе 2 млн.теңге ге және қырыққабат - 15 тоннаның - 6 тоннасы немесе 553 мың теңгеге жарамсыз ретінде есептен шығарылған.
Сонымен қатар өткен жылы кортоп пен сәбізді ӘКК-мен жалпы 39 млн.теңгеге қымбат алынғаны да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алатын өнім берушіні таңдау мәселесіне де сұрақтар туындатады.
Бұлар өз кезегінде карантиндік мерзімде ӘКК-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тиісінше сақтауға шаралар қабылдамағандықтан немесе жоғары баға мен алынуы олардың нарықтық бағасының жоғарылауына да себебі болғаны жоққа шығарылмайды.
Бұдан бөлек, ӘКК-да кадр мәселесі бойынша, яғни жұмысқа қабылдау барысында ашықтық қамтамасыз етілмегендігі жеткізілді.
Жиын нәтижесінде ӘКК-нің басшылығы мен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қабылданатын және алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеуге жүйелі шаралар жүргізілетіні жеткізілді.