» » 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша қысқаша хабарламалар жасады

2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша қысқаша хабарламалар жасады


«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында «Байқоңыр» (Байконур) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қызылорда Электр тарату тораптары компаниясы АҚ басшылығының қатысуымен тікелей эфирлер өтті.

Эфир барысында аталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылығы 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша, оның ішінде ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындылары бойынша қысқаша хабарламалар жасады.
Сонымен қатар, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысыӘлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызысыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы ақпараттар беріп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру туралы Агенттікпен әзірленген  әдістемелік нұсқаулармен таныстырды.
Шара соңында эфир барысында көрермендерден түскен сауалдарға жауаптар берілді.
16 ақпан 2021 ж. 308 0