№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 3 қазанда тұмауға қарсы вакциналау басталады

3 қазанда тұмауға қарсы вакциналау басталады


Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова тұмауға қарсы егу науқаны қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Айтуынша, республикада жыл сайын тұмау вирусының айналымы қарашада басталып, сәуірдің ортасына дейін созылады. Былтыр елімізде ЖРВИ-мен 3,9 миллион адам ауырған. 2019-2020 жылғы эпидмаусыммен салыстырғанда республикада сырқаттанушылық 1,3 есе өскен. Ауырған адамдардың 80 пайызы – балалар мен жасөспірімдер.

«Адамдардың көбі тұмауды ауыр сырқат ретінде қабылдамайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жыл сайын тұмау мен ЖРВИ-дің 5 миллионға дейін ауыр жағдайы тіркеледі. Ал респираторлық аурулардан 650 мыңға дейін адам қайтыс болады», – дедіЕсмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол биыл тұмауға қарсы вакцинация келесі аптада басталатынын атап өтті.

«19 қыркүйекте осы жылғы эпидмаусымға тұмау мен ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулы бекітілді. Оған сәйкес, медициналық ұйымдардың осы жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге, тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға, сондай-ақ зертханалардың тұмау мен ЖРВИ-ге зерттеу жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді», – деді вице-министр.Айтуынша, алдағы эпидмаусымда ДДСҰ деректері бойынша вирустың үш штаммы өзекті болады. Бұл A (H1N1), A (H3N2) және B. Олар 2022-2023 эпидмаусымға вакцина құрамына енгізілген.

«Биыл Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2,3 миллион дозасы сатып алынды.

акцинаның құрамында алғашқы маусымдағы тұмауға қарсы штаммдар бар. Бұл республика халқының 12 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», – деп толықтырды министрдің орынбасары.

Бюджет қаражатына сатып алынған вакцинадан бөлек, Қазақстанда тұмауға қарсы тағы жеті вакцина тіркелген. Олардың үшеуі Ресейде, екеуі Голландияда, қалған екеуі Франция мен Қытайда өндірілген.

Есмағамбетова халықтың осал топтары тұмауға қарсы вакцинаны мемлекеттік бюджет есебінен, яғни тегін алатынын айтты. Бұдан бөлек, екпе егу жұмыс берушілер мен азаматтардың өз ақшасына да жүргізіледі.

Вице-министр тұмаудың белгілеріне де тоқталды.

«Тұмау кенеттен басталады, дененің қызуы тез көтеріледі. Организмнің айқын интоксикациясы байқалады. Оның белгілері: қалтырау, әлсіздік, бұлшық ет пен бас ауруы, бүкіл дененің сырқырауы, кеуде ауырып, құрғақ жөтел пайда болады», – деді ол.
29 қыркүйек 2022 ж. 668 0