2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады


Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ кулуарында халықты тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны қашан басталатынын айтты, деп хабарл
айды Egemen.kz.

Айжан Есмағамбетова 1 қазаннан бастап елде тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталатынын еске салды.

«Жыл сайын эпидемиялық маусымның басталуына дейін біз вакцинация науқанын өткіземіз. Осылайша адамдардың иммунитеті нығая түседі», деді вице-министр.

Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, бюджет есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. 20-25 қыркүйекке дейін вакциналарды аймақтарға бөліп жеткізу аяқталады.

Келесі санаттағы адамдар бюджет қаражаты есебінен егіледі:
  • жиі ауыратын балалар;
  • диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • 60 жастан асқан, жабық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдар;
  • жүкті әйелдер.
«Тұрғындар өз қаражаты есебінен екпе салдыра алады. Орташа алғанда, өткен жылғы баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Былтыр бұл шамамен 3 мың теңге болатын, биыл біз жеке секторда бұл вакцинаның қанша тұратынын әлі білмейміз», деп толықтырды Айжан Есмағамбетова.
09 қыркүйек 2022 ж. 603 0