Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партияның кезектен тыс XXIX конференциясы өтті.

Партияның кезектен тыс XXIX конференциясы өтті.


Бүгін “ОРДАКЕНТ” Ардагерлер және Жастар ресурстық орталығында «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс XХIХ конференциясы өтті.


Оған «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мажитов Арман Әбілпейсұлы, аудандық мәслихат хатшысы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы, Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.

Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселесі «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша фракция жетекшісі Тілеубергенова Әсемгүл Манапқызы баяндама жасады.

«AMANAT» партиясы өзінің халық алдындағы жауапкершіліктерін нақтылап, қоғамдағы өзгерістер мен сұраныстарды ескере отырып тұғырнама дайындады. Тұғырнама Адамның, Қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған. Партия мүшелерімен бірлесе жұмыс жасап, баға жетпес байлық – Тәуелсіздік, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің мызғымастығын сақтау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, ұлттық мәдениетті, руханиятты қалыптастыруға ерекше мән беру керектігін жеткізеді. Саяси құжатта қоғамның талқысына түскен мәселелер қамтылған. Сондай-ақ жергілікті азаматтардың ұсыныстарын енгізу басты мақсат болып отыр. Сондықтан сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды,- деді Әсемгүл Манапқызы.

Бұл тұғырнаманың ерекшелігі сол: құжат әзірлеу және жазу алғаш рет толығымен қазақ тілінде жүргізілді; екіншіден, тұғырнама алғаш рет Адамнан басталады. Яғни, құжат «Адам – Қоғам – Мемлекет» принципіне құрылған.
«Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы. Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамайтындай өмір сүруі керек!» – делінген тұғырнамада.

Конференцияда қаралған екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына Жаңақорған ауданынан қатысатын делагаттар тізімі ұсынылып, олар бірауыздан қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде 2022 жылдың қазан айында өтетін Жаңақорған ауданы Төменарық ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылған кандидатты бекіту туралы "AMANAT" париясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Әбілпейсұлы үміткерлерді таныстырып өтті.

Жиын соңында филиалдың Атқарушы хатшысы Арман Мажитов: "Бүгінгі өзгерістер «AMANAT»-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді көркейтуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз, -деп жиынды қорытындылап Президенттің айқындаған міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырды.

29 қыркүйек 2022 ж. 585 0