№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестиция:қызанақ өндірісі өрістейді

Инвестиция:қызанақ өндірісі өрістейді


Өткен апта соңында «Қызылордаagroplus» ЖШС өкілдері ауданға арнайы келіп, осында бой көтеретін болашақ жобаларымен таныстырды. Тәулігіне қуаттылығы 1800 тонна қызанақ өнімін өңдейтін зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба 2024 жылы толық іске қосылып, аудан экономикасына тың серпін бермек. Тек аудан ғана емес, Сыр елі үшін ірі жобаның құны 13,5 млрд теңгені құрайды.

  – 2016 жылы қазіргі Жаманбай батыр ауылдық округінде «COFCO TUNHE» компаниясының агрономдарымен бірге қызанақтың әр түрлі сұрыптарын тәжірибелік отырғызу жүргізілді. Ал, 2021 жылы Украина елдерінің агрономдарымен бірлесіп, қызанақтың америкалық және еуропалық селекциялық сұрыптарынан 2 гектар аумаққа 7 түрлі өнім өсірілді. 1 гектарынан 90 тонна қызанақ алынды. Облыс әкімдігі Талап ауылдық округінің жерінен қызанақ өсіру үшін 3 мың гектар, зауыт салу үшін 30 гектар жер бөлді, – деді «Қызылордаagroplus» ЖШС бас директоры Серғазы Исембаев.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаевтан жарқын жобаның жайкүйін білдік. Сырдария өзенінің жағасында сорғы станциясын, ұзындығы 2 шақырым болатын 2 су таратқышты, екі су қоймасын, екінші деңгейдегі сорғы станциясын, сондайақ, электр беру желілерін салу үшін жоба-сметалық құжаты әзірленген. Барлық инфрақұрылымның құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан қайтадан өткізуге дайындалуда, делінген ақпаратта.

Кенттегі 30 гектар жерге зауыт салу үшін сумен қамтамасыз ету, газ тарту, электрмен жабдықтау нысандарының құрылысы бойынша ЖСҚ құру үшін жобалау компанияларына іріктеу жұмыстары жүргізілуде дейді мекеме басшылығы.

– Біз түріктің «ТАТ» компаниясымен осы жобаға қатысу үшін кәсіпорын құру туралы келісімге келдік. Ол үшін осы жерден бірлескен компания құрылып, ол Жаңақорған ауданына тіркелетін болады, – деді инвестор мекеменің бас директоры Серғазы Қанқожаұлы.

Иә, бүгінде әлем елдерінің арасында томат пастасын өндіруде, жалпы қызанақ саласында түрік ағайындар ілгері көште келеді. Олар көбіне жылыжай шаруасына дем беріп, қызанақты осында өсіреді. Жылыжайлардағы қызанақтың үлесі 80 пайыздан асып жығылады екен. Демек, бұл елде осы өнімге деген сұраныстың қаншалықты көп екенін көруге болады.

Енді екі жылдан кейін біздегі зауыт іске қосылса, қызанақты қолға алу қарқын алатын секілді. Әрине, бұл шаруаларға мол мүмкіндік. Екінші, өндіріс іске қосылса 150 адам жұмыспен қамтылады. Тараптар келісімге келді, енді құрылыс іргетасы қаланса, екі жылда еңсе көтерер жоба жүзеге асатын болады.

Әли Темірбек 

27 қыркүйек 2022 ж. 633 0