№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді?

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді?


2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 60,5 жасқа дейін өседі.
Биыл қазақстандық әйелдер зейнеткерлікке 60 жастан шықса, келесі жылы ол 60,5 жасқа дейін көтеріледі.
2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңмен ұлғайып, 63 жасқа дейін жетеді. Осылайша ерлер де, әйелдер де құрметті демалысқа бір жаста шығады.
Жалпы Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтеріліп келеді. Оған дейін ана-апаларымыз 58 жасында зейнеткерлікке шығатын.

2022 жылы зейнетақы қанша болады

2022 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы ұлғаяды. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18 524 теңгеден 19 450 теңгеге дейін артады.
Ең төменгі зейнетақы 46 302 теңгені құрайды. Былтыр оның мөлшері 43 272 теңге болды.
Айта кетері, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әр зейнеткерге оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.
Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз, сондай-ақ  мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.

Ең төменгі жалақы өзгереді

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда президенттің тапсырмасымен ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеріледі.
2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды. Бұған дейін оның мөлшері 42 500 теңгеге тең болды.
Ең төменгі жалақының көтерілуі айлығы өте төмен жұмысшылардың табысына оң әсер етеді. Бүгінде жалақысы 60 мың теңгеден аз 1 миллион 650 мың адамның кірісі артады.
Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.

Айлық есептік көрсеткіш

АЕК немесе айлық есептік көрсеткіш (жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданады) 2022 жылы 3 063 теңгені құрайды. 2021 жылы ол 2 917 теңге болды.

Күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегі

Ең төменгі күнкөріс деңгейі базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет.
Былтыр оның көлемі 34 302 теңге болса, 2022 жылы 36 018 теңгеге дейін өседі.
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і кедейлік шегі деп саналады. Яғни, егер адамның табысы күнкөріс деңгейінің 70 процентінен аспаса, онда ол кедейлік шегінде өмір сүреді. 2021 жылы «кедейлік шегі» 24 011 теңгені құраса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңгеге дейін ұлғаяды.
«Кедейлік шегінде» өмір сүретін қазақстандықтар мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Атаулы әлеуметтік көмек көлемі әр адамға жеке есептеледі. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.
Тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек екенін толығырақ мына материалдан оқыңыз.

Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттайды

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері өскен сайын, құжаттардың бағасы да жыл сайын өзгеріп тұрады.
2022 жылы АЕК 3 063 теңгеге дейін өседі. Осыған байланысты бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да ұлғаяды.
30 желтоқсан 2021 ж. 420 0