№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Отбасы - адамзаттың жылы ұясы

Отбасы - адамзаттың жылы ұясы


Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімі мен "Ақбаян" ҚБ-нің ұйымдастыруымен «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасы – адамзаттың жылы ұясы» атты мәдени шара өтті.


 Шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, ауданымыздың үлгілі отбасылары мен аналары, аграрлы-техникалық колледждің студенттері қатысты.

Шара барысында отбасы құндылықтары, отбасындағы психологиялық ахуал және зорлық-зомбылық тақырыптары жайлы арнайы шақырылған спикерлер Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ардақты ана Әзия Қыстаубаева, Жаңақорған аудандық емханасының психологы Искаков Жаңабек Асылбекұлы, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс тобының инспекторы, полиция капитаны Айым Сыздықова хабарламалар жасады.

Шараны ашып берген аудан әкімінің орынбасары Б. Нуридинов қоғамдағы отбасы құндылығы жайлы айта келе, ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген аналарға алғыс білдірді.

Шара соңы аудан өнерпаздарының ән шашуына ұласты.




05 мамыр 2023 ж. 650 0