Жергілікті әскери басқару органдары күні аталып өтті
Бүгін М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде 12 қыркүйек - Жергілікті әскери басқару органдарының күніне орай "Әскери қызмет - азаматтық міндет" атты салтанатты шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Есеналиев Нұрбол Әбдәшімұлы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамы және ардагерлер, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы әскери басқару органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, ауданның дамуына қосқан көп жылдық және адал еңбегі, жергілікті әскери басқару органдарын нығайту ісіне қосқан жеке үлесі үшін аудан әкімінің "Алғыс" хатын табыстады.
Шара соңы аудан өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.
Еліміздегі әрбір азаматтың әскери өмірге қадам басуы осы жергілікті әскери басқару органдарының табалдырығынан басталатынын айта кеткен жөн.