№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдаудың жүгі ауыр, мақсаты айқын

Жолдаудың жүгі ауыр, мақсаты айқын


Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған міндеттердің жергілікті жерде жүйелі іске асуы ең алдымен жауапты тұлғаларға алдағы жұмыстарды бір саралап алуды міндеттейді. Осы бағытта жұма күні аудан әкімдігінде аудандағы салалық мекемелер мен кәсіпорын басшылары, ауыл әкімдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және зиялы қауым өкілдері бас қосты. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бекболат Жүнісәліұлы модераторлық етті.

  – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының кешегі халыққа жариялаған Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы енді экономикалық үдерістерге ұласуы тиістігі атап көрсетілді, – деді ол. Әділетті қоғам орнағанда әркімнің еңбегіне қарай нақты баға берілетіні заңды. Президент әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жанжақты қолдау көрсетілетінін қадап айтты. Экономикадағы қатпарланған мәселелерді тілге тиек ете келе жаңа экономикалық саясат қалыптастыру, нақты секторды дамытудың ел болашағына арналған стратегиялық жобалары зерделенді. Инвестиция тарту, мемлекет басқару ісін қайта жаңғырту, сондаяқ заң мен тәртіп мәселелері бойынша негізгі бес қадам, бес бағдарды ұсынды. Осы бағытта аудан тыныс-тіршілігіндегі тың қадамдар бойынша хабарлама жасау үшін аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбековке сөз кезегін ұсынды.

 – Мемлекет басшысы алдағы жалпы дамуымызды бес бағыт, бес бағдар бойынша жіктеп, бюджет үдерістерін барынша жеңілдетуге тапсырма берді, – деді ол. Әсіресе мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруға мүмкіндік берілуі өңірлер дамуына үлкен қолдау екенін айтты.

 – Жылда республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің әртүрлі себептермен игерілмеу жағдайлары жиі кездеседі. Сонымен қатар «халық қатысатын» бюджет жобасын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдардың қатыса алатыны ел мен жерге шынайы қамқорлықтың көрінісі. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық қаржысының кемінде 10 пайызының қайда жұмсалатынын қоғам өзі айқындайтын болады. Ендігі жерде ауылдардағы халық атынан сөз алатын кеңес құрамы жұмысы барынша жетілген, жаңарған, жершілдік, рулық мүддеден гөрі әр іске жалпыадамзаттық жаңғыру үдерісін үлгі етіп, әлеуметтің баршасына тең әділеттікті қамтамасыз етуді көздейтін тетік ретінде бекемдейтін заң жобасы кеше өткен оңтүстік өңір депутаттары және ауыл әкімдерінің басқосуында талқыланды. Жолдауда жаңа Қазақстан деген сөзге екпін берілген жоқ, десек те елдің саяси бағытында белсенділік басым, ендігі ретте жан-жақты дамуда «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бірлік пен татулықты ту етуіміз керек, – деді спикер.

 Одан әрі Жолдауда айтылған кәсіпкерлік саласындағы негізгі ұстанымдарды тарқатты. Кіші және орта бизнестің тұрақты дамуын тежейтін қағазбастылықты азайту, мәселен, әр салада құқықтық келісімдер көлемінің тым күрделі екендігі, бір құрылыстың өзіне енапат заңнамалық-құқықтық құжаттар толтырылуының өзі сансыз кедергілерді туындататыны, осыған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап жаңа ережелерді іске қосу үшін нақты тапсырма берілгенін айтты.

Баян Үсейінова

13 қыркүйек 2022 ж. 291 0