«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Біздің жұмыс нақтылықты талап етеді

Біздің жұмыс нақтылықты талап етеді

БІЗДІҢ ЖҰМЫС НАҚТЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ
дейді бөлім инспекторы Мадияр Сәбира


Жаңақорған ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскери және азаматтық қызметшілерімен арнайы кездесіп, бір күндік жұмыс барысымен танысқанымызда мекемеде ер азаматтармен бірдей иық тіресіп еңбек етіп жатқан арулар қатарында еңбек өтілі ширек ғасырға жуықтаған Сәбира Сейдахметқызының сұхбатынан сан салада сапаға дем беретін әйелдер қауымының әсаери өмірде де сынаққа сыр бермес табиғатын танып, сүйсінгенімізді жасырмаймыз.

Бұл жерде нәзікжанды алты аза¬маттың атқаратын өз міндет¬тіліктері бар. Олар әскери патриот¬тық жұмыс және Қарулы күштер ардагерлерімен байланыс жөніндегі маман Гүлмира Асқарбекқызы, құ-пия және жұмылдыру ісі жөніндегі инспектор Әлия Оразалықызы, кадр жөніндегі маман Айткүл Нуридин¬қызы, жұмылдыру ресурстарын есеп¬ке алу және тағайындау бойынша инспектор Айгерім Сансызбайқызы, уақытпен санаспай темірдей тәртіпке бағынып жұмыс жасауда.

Уақытпен санаспай дейтініміздің мәні бар. Мекеме қызметкерлері жұмыс уақытынан тыс тәуліктің кез келген уақытында дабыл түскенде белгіленген орыннан табылуға тиіс. Әскери тәртіп бойынша ер-әйел жынысына қарай артықшылық қаралмаған. Сондықтан бұл салада төзімі әлсіз жандар көпке бара алмайды. Солдат өміріне сақадай-сай бейімделген мына қыздардың болмысындағы өзгешелік сол тәртіп-дағдының жемісі болса керек. Олар қарапайым өмірде де арзан әңгіме, бос уәдеге сараң, сөзден гөрі нақты іске мығым жандар екені көзге ұрып тұр.

Осындағы қыздардың жетекшісі сынды білікті маман, жұмылдыру ре¬сурстары, запастағы офицерлерді есепке алу және тағайындау жөніндегі инспектор Сәбира Мадиярова өзінің еңбек жолы туралы былай дейді:

– Мен орта мектептен соң Қорқыт Ата атындағы университетті заң және құқық мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолымды осы Жаңақорған әскери комиссариатында инспектор қызметінен бастадым. Біраз жылдар кадр бөлімін басқардым. Қазірде атауы Жаңақорған қорғаныс істері жөнінде-гі бөлім деп өзгерген осы мекеме¬нің инспекторымын. Тарқа¬та айтсам, запастағы офицерлер¬дің есебі, со¬лар туралы барлық мәліметтерді жинақтап отырамын. Аудан бойынша олардың саны 344-ті құрап тұр. Олар біздің есепте алпыс жасқа дейін тұрады. Сонымен қатар запастағы әскерлер есебі¬не әскер-ден босап келгендер де тіркеледі. Тізімдегілерді қатарында жоғары оқу орнында әскери кафедра бітірген дәрігерлерді де есепке аламыз. Оларды арнайы шақыртып, соғыс жағдайында мобилизациялау тәртібі, ондағы іс-әрекеттер, қимыл-қозға¬лыс жөнінде таныстырамыз. Олар төтенше жағдайға кез келген уақытта дайын тұруға тиіс, – дейді ол.

Әскери қызметтен босап келген¬дер де есепте тұрады. Ал отыз бес жастағы және оған дейінгі офицер¬лер арнайы шақыру және келісім шарт бойынша қажет ет¬кен орындарға қызметке жіберілуде екен. Ауданда жылына 3-4 офицер отбасы осын¬дай шартпен жұмысқа жіберілуде. Олар барған бойда тұрғын үй, жоғары жалақымен қамтама¬сыз етіледі. Отставкаға шыққаннан кей¬ін олар Үкімет тарапынан те¬гін тұрғын үймен қамтамасыз еті¬ле¬ді. Инспектор маман осындай шарт¬пен 29 жасқа дейінгі дәрігер мамандардың да келісімді мерзімге әскери қызметке шақырылатынын айтты, онда әскери формамен жүреді, шені тағайындалады, сол сияқты кесімді уақытта жоғары зейнетақымен босатылады. Ары қарай дәрігер мамандар әскери өтіліне сай зейнетақы алумен қатар азаматтық кәсібін қалаған жерінде жалғап, жұмыс жасай беруіне толық мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Баян Үсейінова

12 қыркүйек 2022 ж. 243 0