№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес


Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке құраммен жоспарлы іс-шара ұйымдастырылды.


Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлім командирі капитан Жансейіт Жайдақпаев пен оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ақылбек Болат бөлімде әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, әскери құқықтық біліктілікті арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, шара кезінде жеке құрамға жемқорлыққа қарсы арнайы түсірілген әсерлі бейнероликтер көрсетілді. Азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін арттыру, жемқорлықты азайту мақсатындағы «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» жобасы аясында әрбір қызметші аянбай еңбек ету керектігі айтылды. Іс-шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар қатаң сақталды.
Шараның негізгі мақсаты – алдағы уақытта әскери бөлімдегі әскерилер арасында заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу.
- Бөлімде ешқашан сыбайластыққа жол берілмеуі керек. Әрбір атқарылған жұмыстар заң аясында жүзеге асуы тиіс. Әрбір әскери қызметші адал істер атқарып, сыбайластықтың алдын – алуға өз үлесін қосуы біз үшін абыройлы іс, – деген бөлім командирі капитан Жансейіт Жайдақпаев, алдағы уақытқа осы салаға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Өз кезегінде бөлім командирінің орынбасары аға лейтенант Ақылбек Болат Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тоқталып, мекеме жеке құрамын заң аясында бірлесе қызмет атқаруға шақырды.
Мемлекетіміздің өркендеуіне теріс әсерін тигізетін сыбайластықты болдырмау мақсатында аталған әскери бөлімде көптеген оң жұмыстар атқарылып келеді.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
09 тамыз 2021 ж. 554 0