Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жастарды қолдау - басты назарда

Жастарды қолдау - басты назарда


Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридиновтың қатысуымен жастарға өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.


Шараға кент, ауылдық округтерден кәсіпке құштар, жұмыссыз және пробациялық қызмет тізіміндегі 30-ға жуық жас қатысты. Курс аясында Қызылорда қаласынан келген СММ, таргетолог Аружан Сахи, Мобилогроф Т.Арыстан жастарға бүгінгі күні нарықта үлкен маңызға ие болып табылатын СММ дағдылары, Таргет, Мобилография бойынша кең көлемді ақпараттар берді.

Аудан әкімінің орынбасары Б. Нуридинов өз кезегінде жастарға кәсіп бастауға болатын түрлі мемлекеттік қолдаулар бойынша мүмкіндіктердің бар екендігін жеткізді. Жастар өз көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауабын алды. Соңынан Бектас Балғабайұлы білім алу мен кәсіп бастаудағы жастардың қадамдарына сәттілік тілеп, Қызылорда қаласынан келген тренерлерге өз алғысын білдірді.




09 қыркүйек 2022 ж. 457 0