Президент ҚасымЖомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы көптің көкейіндегі күрмеулі мәселенің шешімін тапты.
Жолдау қазақстандық әрбір азаматқа үлкен міндеттер жүктеді. Қашанда ел экономикасын дамыту, қоғам әлеуетін көтеру Жолдаудың басым бағыттарының бірі болып келген. Демек, Мемлекет басшысының билік алдында шешілуге тиісті мақсатміндеттері қарастырылған бұл бастамада да еліміздің кемел келешегі үшін маңызды қадамдар жоспарланғанын анық сезіндік.
Сонымен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жолдауда әуелі «Балалар жылы» аясында балаларға жасалған қамқорлық ел көңілінен ерекше орын алды. «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаның жүзеге асуы шын мәнінде балалар болашағы үшін жасалған керемет сый. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы бала 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.
Мемлекет тарапынан жасалған осындай кең қолдау әрбір ата-ана үшін жағымды әрі күтпеген жаңалық болды. Одан әрі нәзік жандылар қауымын толғандырып жүрген зейнет жасының қысқарғаны аналарға деген құрмет деп білемін. Кеңінен көтеріліп жүрген осы әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілгені келешекке деген зор үміт пен сенімділікті көрсетті.
Жолдауда білім сапасы, ауыл өмірі, жастарды жұмыспен қамту тақырыптары да көтерілді. Енді біздер тың жаңалыққа, оң өзгеріске толы ел Президентінің бастамасын тек қолдауымыз керек. Сондықтан 1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс келген үндеуді Жаңа Қазақстан үшін жасалған батыл бетбұрыс деп айтуға толық негіз бар. Ендеше елдің ертеңіне алаңдаған ел Президентінің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуына бірлесе атсалысайық дегім келеді.
Ғалымжан СОПБЕКОВ, аудандық мәслихат хатшысы