«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Халыққа жолдау - халықты ойлау

Халыққа жолдау - халықты ойлау



Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйек күнгі халыққа дәстүрлі Жолдауын көппен, елдің азаматтарымен бірге отырып мұқият әрі бар ықыласымызбен тыңдадық, жоғары әсерде болдық.

 Президент сөзі жалпы халыққа түсінікті тілмен игі идеяларға, өміршең гуманизмге толы болды деуге болады. Елдің экономикалық хал-жағдайының біртіндеп жақсарып келе жатқанына тоқталды. Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – су саясаты, Сырдария суы жайлы, ауыл шаруашылығы, жер мәселелеріне тоқталды.

 Денсаулық саласының жұмысын қайта құру, ең құнды капитал адам денсаулығы екенін жеткізе айтты. Ал білім саласында балабақшадағы балалар мен мектеп оқушыларына қамқорлық туралы да кеңінен баяндады. Бар баланы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалармен қамтамасыз ету, әлі де мектептер салу, 2-3 ауысымдағы мектептердің мәселесін шешу де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ елде жемқорлардан қайтарылған, айыппұлдан түскен қаржы мектептер салуға жұмсалатын болады. Міне әділдік!

 Тәрбиешілердің жалақысын көтеруді, тіпті әр дүниеге келген (мысалы, біздің кентте қазір үш бірдей мектеп салынып жатыр) балаға есеп ашып, ұлттық қордан қаржы бөліп отыруды іске асыруды тапсырғаны бар ата-ананы қуантады. Бұл биылғы «балалар жылына» деген аса маңызды тарту болды.

Елдегі сот жүйесінің жұмысына да кеңінен тоқталды. Құқық қорғау саласын қайта құру (реформалау) жайлы да біраз сөз қозғалды.
Тағы да қанша уақыт жыр болған қаңтар оқиғасының зардаптарын қайталап жатпай, оның жазалау нәтижелеріне тоқталып, қанша кешірілмейтін жағдай орын алса да, гуманизм қағидаларына сүйеніп ішінара рақымшылық жасалатынын да айтып өтті.

 Жолдауда адал еңбек ету, оны бағалау, еңбек адамын құрмет тұту және әр адам еңбегінің зейнетін көруге құқылы екеніне де жете мән беріліп, Президенттің әйел аналардың зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жасқа төмендетілетіні туралы шешіміне риза болдық. Сондай-ақ ең төменгі жалақының 70,0 мың теңгеге көтерілетіні де оң шешім болғанынболады.

Сол сияқты Жолдаудың соңында Президентіміздің осы жылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін жариялауы да ерекше батылшешім болды. Мемлекет басшысы өзінің  дейін 61 жасқа төмендетілетіні туралы шешіміне риза болдық. Сондай-ақ ең төменгі жалақының 70,0 мың теңгеге көтерілетіні де оң шешім болғанын болады. Сол сияқты Жолдаудың соңында Президентіміздің осы жылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін жариялауы да ерекше батыл шешім болды. Мемлекет басшысы өзінің заңды өкілеттігін екі жылға қысқартып, сайлауға баратынын жариялады. Президент бір-ақ рет сайланады. Мерзімі – 7 жыл. «Ел басшысының өз бағдарламасын іске асыруға осы мерзім толық жетеді» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Аса жауапты қызметтің өте сапалы, мазмұнды да жауапты болуы керек деп шешкені болуы керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл шешімін де қуаттаймыз. Сондай-ақ Президент келесі жылы (I жартыжылдықта) Мәжіліс пен мәслихаттың да сайлауы өтіп, үкімет қайта жасақталатынын айтып кетті.

Бұл Жолдаудан біздер, ардагерлер де біраз ой қорыттық. Болашағымыз жарқын болу үшін әрбіріміз Ж  аңа Әділетті Қазақстан құру ісіне атсалысуымыз керек, ағайын. Президентіміздің қолға алып отырған бастамаларына қолдау көрсетейік.


Зинабдин Шермағамбетовардагер ардагер ұстаз,
ауданның «Құрметті азаматы»,
облыстың «Құрметті ардагері» 
07 қыркүйек 2022 ж. 222 0