№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа жағдайдағы жаңа Қазақстан

Жаңа жағдайдағы жаңа Қазақстан



Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту бойынша стратегиялармен таныстырды.
Жолдаудың басында Президент елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен шенеуніктер санына тоқталды. Яғни, ол елдің көлемді емес, қарапайым халыққа түсінікті ықшам мемлекеттік бағдарламаларға көшу керегін ескертті. Ең бастысы, елдегі шенеуніктер санын 25 пайызға қыс­қартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы үнемделген қаражат арқылы қалған қызмет­керлердің жалақысы арттырылатынын айтты. Байқағанымыздай, Прези­дент­тің Жолдауы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған. Жолдауда 12 рет еңбекақы мәселесіне көңіл бөлініп отыр: атап өткендей, ең төменгі жалақының мөлшері, жұмысшылардың жалақысын көбейтуге ынталандыратын ұтымды шараларды әзірлеу, мәдениет, мұрағат, кітапхана қызметшілеріне, қорықшылар, көлік жүргізушілерге 2022-2025 жылдары еңбекақыны жыл сайын 20 пайызға арттыру, жұмыс берушілер үшін еңбекақы төлеу қорынан есептелетін салықтарды 34 пайыздан 25 пайызға төмендету сияқты мәселелер шешілуде.
Сондай-ақ, Жолдаудағы маңызды тапсырмалардың бірі - зейнетақыға қатысты. Келер жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере ала­ды.
Тоқаевтың айтуынша, бұл рефор­ма тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болады. Президент өз Жолдауында өзекті, шешімін күтіп тұрған  мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынды.Мәжит Балқожаев,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары
13 қыркүйек 2021 ж. 411 0