№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлері белгілі болды

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлері белгілі болды


202
2-202оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл магистратураға 13 мың грант бөлінді.

«Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Бизнес, басқару және құқық»бағыттары сұранысқа ие болды.

Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоо-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін ҚР ҒЖБ (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegramарнасынан қарауға болады.

ҚР ҒЖБ баспасөз қызметі

23 тамыз 2022 ж. 570 0