Енді талдар да керек емес
Германиялық дизайнерлердің «CityTree» атты ауа тазартушы құрылғысы 275 талдың орнын басады және оны орындық ретінде пайдалануға да болады. Орындық төрт метрлік вертикал панельдермен жабдықталған. Оған бриофит (латынша «Bryophyta») өсімдігінің 1682-сі орналастырылған болып, олар ауадағы зиянды бактерияларды, шаңдарды жұтып отырады. «CityTree» күн батеряларынан қуат алады.
Оның мониторинг тізімі ауаның ластануы мен температурасын анықтайды. Филтірлеу нәтижесінде пайда болған жаңбыр суы өсімдіктерді суғаруға жұмсалады. Бұдан басқа арнайы Wi-Fi-да таратады. Орындық тонау, бұзу сияқты іс-әрекеттерді болдырмау үшін арнайы материалмен қорғалған. 275 талдың жұмысын атқарып отырған «CityTree» олармен салыстырғанда 99 пайыз аз орын алады. Бұл халқы тығыз орналасқан мегаполистер үшін қолайлы құрылғы. Аталған жаңалық Париж, Берлин, Роттердам, Осло т.б әлемнің бірқатар ірі қалаларында орналастырылды. Жақында Лондонның Пиккадили алаңына да қойылады деп күтілуде.
Дереккөз: мassaget.kz сайты