Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Ғабит Жаңабаев жаңа лауазымға тағайындалды

Ғабит Жаңабаев жаңа лауазымға тағайындалды


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне Ғабит Жаңабаев тағайындалды.
Ғабит Жұмабекұлы экономика мен қаржы саласының білікті маманы. Мемлекеттік қызметте түрлі деңгейде бірнеше басқармада жауапты қызметтерді абыройлы атқарған тәжірибелі кадр.
2012-2021 жылдары облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық жұмылдыру дайындығы және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болған.
2021 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары қызметін атқарып келді.
Облыс әкімі Ғабит Жұмабекұлына жаңа қызметте әлеуметтік мәселелердің шешілуін батыл көтеріп, іскерлік ұстанымын көрсететініне сенім білдірді.

                                                                                                Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
  • Тағайындау
27 сәуір 2022 ж. 1 272 0