№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Латын әліпбиі – бірегейлікке бастайды

Латын әліпбиі – бірегейлікке бастайды


Жазу – кез келген мемлекеттің мәдени, рухани өсуін, даму прцнсін көрсететін әлеуметтік құбылыс. Өткен мен бүгінді жалғастыратын алтын көпір де осы жазу. Осы себептен әліпби адамзат тарихындағы ғасырдан ғасырға жалғасқан тарихты ұрпаққа мирақ етіп қалдыратын құндылықтардың бірі.

 Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген. Ал. қазақ тілі өзіндік әдеби, ғылыми, саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Осы ретте латын графасына көшу – қазақ тілінің тамырын одан да терең жаюына себеп болмақ. Өйткені, латын графасына аусу арқылы тіліміз жаңғырып, жазу үлгісі жаңа форматқа көшпек.

– Латынға көшу – өте маңызды құбылыс болмақ. Жаңа форматтағы әліпбиді қабылдау арқылы біз жарқын болашаққа қадам басып, тіліміздің кең ауқымда қолданылуына жол ашамыз деп ойлаймын. Өйткені, латын әліпбиі әлем елдерінде кеңінен қолданылатын графаның бірі. Тарихқа зер салсақ, латын әліпбиін қазақ халқы ерте заманнан қолданған, – дейді кент тұрғыны, тіл маманы Жансұлу Жұмабекқызы.

Иә, латын графасы бізге бірінші рет келейін деп тұрған жоқ. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ жерінен табылған орта ғасырларға тиесілі «Орхон-Енисей жазулар», Жамбыл облысының Шу өңірінен табылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» біздің жазу мәдениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанының бір айғағы. Бұл – адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. Сонымен қатар, кейінірек ислам дінін қабылдаған қазақ халқы руникалық жазулардан біртіндеп алшақтап, араб тілі мен араб әліпбиіне көше бастаған.

Қазақ жерінде шамамен 900 жылдай араб әліпбиі қолданылған. Одан әрі 1929 жыдың 29 тамызында КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы қаулы қабылдады. Латынқарпіне көшудің алғашқы жобасын алғашқы болып қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы жасаған еді. Бұл жобаның толыққанды іске аспауына, тіліміздің бұғатталуына кеңестік идеологияның салдары себеп болған. Бірақ латын қарпін қолдану көпке созылмай, 1940 жылға дейін қолданылып, осы жылдың 13-қарашасында «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңаәліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Міне, қазақ әліпбиін өзгерту тарихы осылай айқындалып келеді.

Демек, өзіміздің төл әліпбиімізге қайта оралсақ тіліміздің өркендеп, одан әрі дамуына жол ашамыз. Жаңа әліпби қазақ ұлтының болмысын әлемге танытып, төл тіліміздің қарыштауына себеп болады. Өйткені латын графасы әлем елдерінің басым бөлігі пайдаланатын, көпке түсінікті қаріп түрі. Латынға көшу мемлекеттің озық 30 елге қосылу баспалдағындағы батыл әрі маңызды қадамдардың бірі.

Бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі, өркениетке бағыттайтын күре жол – латын жазуына көшу. Талай ғасырлар бойы уақыт сынынан өткен латын графикасын қазхіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі латын алфавиті екенін, әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады. Дегенмен, қазіргі қазақ орфографиясындағы кейбір қиындықтарға қарап, «біздің жазуымыз керексіз екен» деген пікір қалыптастыруға да болмайды.
Өйткені, осы жазуымен біз білім алдық. Аға ұрпақ талай жетістікке жетіп, биіктерден көрінді. Қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтерді, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 26-қазанында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққ қол қойып, «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек», – деген еді.

Жалпы, бүгінгі күні латын әліпбиінің бізге қажеттілігіне көзіміз нақты жетіп отыр. Өйткені, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Сонымен қоса, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік тудырып, түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашады.

– Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз. Жаңа латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан басқа да сан ұлттың тілдік жағдайларын да қамтитын жақсы алфавит деп ойлаймын, – дейді аудан тұрғыны Мәрия Сәулебекова.

P.S.: Жаңа әліпби – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз. Өйткені нақ осы әліпби ғылым мен техниканың, ғаламтор мен ITтехнологиялардың тілі. Жаңа жазу рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Ол төрткүл дүниеде тараған қандастарымыздың тез меңгеруіне септігін тигізетін ортақ әліпби болары анық. Демек, латын графикасы – ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістігіне жетудің төте жолы.

Айсұлу Алданазар


03 тамыз 2022 ж. 274 0