Әліпби – бүкіл түркіге ортақ
Түрік халқы араб әліпбиін жүздеген жылдар бойы қолданды. Тарихи түрік сөздерін қолдануда өзіндік мәселелер туындады.
Түркияда 1928 жылы ұлт көсемі, ел президенті Мұстафа Кемал Ататүрік бастамасымен бір жылда латын тіліне көшу ұйғарылды. Бір түн ішінде елдегі мерзімдік басылымдар ақпаратты латын әліпбиімен таратты. Елдегі жас толқын бұған тез икемделді.
Әзербайжан кириллицаны 2000 жылдарға дейін қолданды.
Кеңестер Одағы құрамында болған түркі тілдес елдердің ішінде латын әліпбиіне толыққанды өткен Әзербайжан ғана. Бұл елде латын алфавитіне өтуге байланысты талқылаулар ХІХ ғасырдың соңында басталып, тәуелсіздік алғаннан кейін бір-ақ көшті.
Өзбекстан латынға көшуді 15-20 жыл бұрын бастағанымен әлі толық бір жүйеге түсе алмай отыр. Оның себебі дыбысты таңбалаудағы ғылыми негіздеменің тиянақсыздығы деуге болады.
Ал өзіміздегі жағдай қалай? «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілді. Бірақ онда қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар апостроф (дәйекше) арқылы белгіленген. Мұның алдында диграфпен (қосарланған таңба) белгілейтін нұсқасы қатты сынға ұшырап, қабылданбай қалған болатын. Қазіргі бекітілген латын әліпбиіне әлі де өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Енді 2025 жылға дейін барлық іс қағаздар, оқулықтар, мерзімді баспасөз латын әліпбиіне көшеді деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңдағы басты мәселе, әліпбиді меңгерудің тиімді бағыттарын ұсыну. Әліпби ел көкейінен өз орнын табуы тиіс.