Жастар Аллеясы ашылды
1948 жылы Жаңақорған қонысындағы "Әлімкөлдің" жанынан бүкіл ел болып жиналып, қамалап ең соңғы жолбарысты ұстағаны жайында үлкендер айтып отыратын.
Бұл жөнінде жергілікті баспа беттерінде жарияланған болатын. Ауызын айға білеген айбарлы аң бүгінгі қазақ елінің нышаны.
Рух пен жігердің символы болған барыс бір ғасырға жуық уақыт өткен соң Байкенженің төріне қайта шықты.
Қасиет киесі халқымыз үшін ерекше, самұрық пен барыстың архитектуралық мүсінін жасап шыққан кәсіби мүсінші Ғазиз Абибуллаев осы ауданның тумасы.
Осы орайда жергілікті жұртты жұмылдырып, осындай игі істердің басы-қасында жүрген, аудандағы үздік ауыл әкімдерінің бірі- Нұрғали Оспановтың еңбегін айтпай өтпеске болмас.
Ол ауылға саябақ пен демалыс орындарын салып, абаттандыру жұмысын жүргізіп, туған жердің гүлденуіне барын салып, еңбек етуде. Соның бір дәлелі, жастар аллеясының салынуы. Мұндай арнайы демалыс орнын осы қатардағы өзге ауылдардан әзірге көре қойғаным жоқ. Аллея айналасы күтімге алынып тез арада жасыл желекке оранса құба-құп.
Үмбет АБИБУЛЛАЕВ