№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада тұтынушылардың өтініші бойынша 1,2 млн. теңгенің қаражаты қайтарылды

Қызылордада тұтынушылардың өтініші бойынша 1,2 млн. теңгенің қаражаты қайтарылды


Биыл облыста тұтынушылар құқығының бұзылу дерегі бойынша 159 өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,5 пайызға өскен. Түскен арыздардың басым көпшілігі – бөлшек сауда саласына қатысты екені анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді. 


- Бірінші жартыжылдықта келіп түскен арыздарға талдау жүргізілген болатын. Нәтижесінде бөлшек сауда саласына қатысты - 91 өтініш, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері бойынша - 28, электрондық сауда - 13, қоғамдық тамақтану бойынша - 5, қаржы қызметі бойынша – 3  және де басқа салалар. Аталған өтініштердің 108-і заңға сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Ал 28 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Жалпы жыл басынан бері тұтынушыларға барлығы - 1,2 млн теңгенің қаржысы қайтарылды. Сондай –ақ, тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған кейбір заңнамалық актілер мен заңдарға өзгерістер мен  толықтырулар енгізіледі. Әзірге бұл заң жобасы уәкілетті органмен қаралып, мүдделі мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар арқылы талдануда, - деді департамент басшысы Ерқасым Сүлейменов.
01 тамыз 2022 ж. 360 0