Жаңақорған аудан әкімінің орынбасары тағайындалды
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының 2022 жылдың 18 шілде күнгі №558-ж/қ өкімімен Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы Жаңақорған аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1973 жылдың 19 желтоқсанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылында туған. 1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:01.03.1998-06.05.1999 жылы Жаңақорған ауданы«Құмиян» Ақниет бөлімшісі-есепші
05.05.1999-30.05.1999 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбеауылдық округі әкімінің салық инспекторы
27.11.2001-21.06.2003 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбеауылдық округі әкімінің бас маманы
23.06.2003-26.11.2003 жылы Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің салық төлемгерлерімен жұмыс жасау бөлімінің маманы
26.11.2003-20.09.2006 жылы Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің салықтық тіркеу және салық есептерін қабылдау мен өңдеу бөлімінің маманы , жетекші маманы
20.09.2006-16.08.2007 жылы Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің есеп және талдау бөлімінің бас маманы
16.08.2007-01.08.2008 жылы Түркістан қаласы бойынша салық комитетінің салық аудиті бөлімінің маманы
01.08.2008-01.07.2010 жылы Түркістан қаласы бойынша салық басқармасының салық аудиті бөлімінің жетекші маманы, бас маманы
02.07.2010-25.07.2013 жылы ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №4 бақылау бөлімінің бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі
26.07.2013-25.08.2015 жылы ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы
25.08.2015-14.07.2016 жылы ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №3 бақылау бөлімінің басшысы
14.07.2016-01.02.2017 жылы ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша іщкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы
01.02.2017-10.05.2017 жылы ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша іщкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы
11.05.2017-04.07.2017 жылы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Қаржының басқаруына мемлекеттік аудит жүргізу бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы
04.07.2017-02.05.2018 жылы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы №3 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысыҚызылорда қаласы
02.05.2018-19.10.2018 жылы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы №2 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысыҚызылорда қаласы
22.10.2018-03.01.2019 жылы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімнің міндетін уақытша атқарушы
03.01.2019-20.01.2020 жылы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі
20.01.2020-10.02.2021 жылдары ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы
10.02.2021-06.10.2021 жылы ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы
06.10.2021-05.01.2022 жылы жылдан осы уақытқа дейін ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы
05.01.2022 жылдан осы уақытқа дейін ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы қызметін атұарып келді.