Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз
Сыбайлас жемқорлықпен күреспеу, оны қолдаумен бірдей. Сондықтан, ол қоғам назарынан тыс қалмауы керек.
Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық дегеніміз- бұл өз лауазымын жеке басының мүддесі үшін пайдалану.
Ол әр түрлі формада көрінеді: парақорлық, жымқыру, алаяқтық және т.б. Еліміздің тұнғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында, сыбайлас жемқорлықты жеңу – еліміздің басты бағыттарының бірі екенін айтып кеткен. Себебі ол мемлекеттің саяси және әлеуметтік институттарына кері әсерін тигізіп, елдің дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек? Бұл үшін барлық адамдардың көмегі қажет. Өйткені, оның дамуына пара алушылар ғана емес, пара берушілер де әсер етеді. Көптеген адамдар ақша ұсыну арқылы өз істерін тез шешуді жөн көреді. Сондықтан ең алдымен, өзіңізден бастауыңыз керек. Лауазымды тұлға сізден пара талап еткен жағдайда – бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет. Мәселені шешу үшін кешенді шаралар қажет – сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны күшейту, азаматтық қоғамды белсенді ету және бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын көтеру. Осы құбылысқа қарсы күресте басқа елдердің тәжірибесін пайдалану керек. Олардың бағдарламаларын біздің мемлекетімізде қолдану. Бұл қазіргі заманның ауруы, оны емдеу үшін мемлекеттік органдар тарапынан да, ел азаматтары тарапынан да орасан күш жұмсау қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі - оның алдын алу болып табылады. Оны тек бірлесіп қана жеңе аламыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күні Республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандықтан, қылмыстардың ішінде сыбайлас жемқорлық қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық көріністері мемлекеттік органдарда болмау үшін жұмысымызға жауаптылықпен қарап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік органдардың басшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарды, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындауды және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді осыған тарта отырып қамтамасыз етеді.
Осы бағытта Қызылорда облысының әділет департаментімен дөңгелек үстелдер, семинарлар жиі өткізіліп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық мәселесі жөнінде, оның ақыры қасіретке апаратын жол екендігі түсіндіріледі. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасымен елеулі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда қолжетімді орында ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік орналастырылған. Азаматтардың сенімділігін арттыру, халықпен ашық сөйлесу мақсатында басқарма басшысының м.а. аптасына бір рет азаматтарды қабылдайды. Бұл шара жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыра отырып, халыққа құқықтық көмек көрсету негізінде ұйымдастыралады.
С.Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық
әділет басқармасы басшысының
міндетін атқарушы
Жаңақорған ауданаралық
әділет басқармасы басшысының
міндетін атқарушы