Соңғы жаңалықтар

Берекені ұрлаған несие

12 тамыз 2025 ж. 1 145

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Облыс әкімінің орынбасары емханаларды аралады

Облыс әкімінің орынбасары емханаларды аралады


Кеше облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы өңiрдегi эпидемиологиялық ахуалға байланысты №3-шi, 6-шы калалық емханадағы атқарылып жатқан шаралар және өзге де емхана жұмыстарымен танысты.


Жалпы аймағымыздағы амбулаториялық жұмыстармен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлы таныстырса, №3 қалалық емхана қызметiн емхана бас дәрігері Гүлстан Әубәкiрқызы, №6 қалалық емхана бойынша Жанат Шайхисламқызы айтып өтті.

Емханалардағы пандемия кезеңіндегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ, №3 емхана бойынша жыл басынан берi коронавирус инфекциясының оң мәнiмен анықталып, стационарлы жане үй жағдайында амбулаториялы 322 науқас ем алған. Қазіргі таңда 8 пациент амбулаторлы медициналық бақылауда.

3-шi, 6-шы емханаға тiркелген барлық ересек тұрғындарына вакцинаның бірінші және екiншi туры толықтай салынған.
3 емханада коронавирусты инфекцияға қарсы ревакцинация жасалынғаны – 15918, 2 рет ревакцинацияланғаны – 221.
Кайта вакцинациялаудың I турымен қамтамасыз етiлгенi – 49, II турымен қамтылғаны – 39.

Ал 6 емханада ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті (18 жастан жоғары) 38 800 тұрғынның I-ші
компонентімен 38 806 адам, II-ші компонентімен 38 800 адам вакциналанды.

Сонымен қатар, Пфайзер (Pfizer) вакцинасының I-ші компонентімен 7971 адам, ал II-ші компонентімен 7853-i вакциналанды.

Емханаларда жеке қорғаныс құралдары қоры жеткілікті мөлшерде қамтылған.

Пандемиялық кезеңде коронавирус инфекциясымен күресу мен аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарды жаппай вакцинациялау жұмыстары емханаларда тиістi деңгейде жүргізілуде.

Халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының алдын алу және таратпау мақсатында кең көлемде түсіндірмелі санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.



21 шілде 2022 ж. 326 0