"Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсына құжат қабылдау 15 маусымда аяқталады
Құрметті жаңақорғандықтар!
Жыл сайын елімізде өткізілетін "Мерейлі отбасы" конкурсының аудандық турына 15 мамырдан 15 маусымға дейін құжат қабылдау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін аудан елді мекендерінен 8 отбасы ұсынған өтінімдер келіп түсті.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 15 маусымда аяқталатынын естеріңізге сала отырып, үлгілі, өнегелі, тамырын тереңге тартқан отбасыларды "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға шақырамыз.
Ол үшін төмендегі құжаттар жинақталып, аудандық ішкі саясат бөліміне 15-ші маусымға дейін тапсырылуы тиіс:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) отбасы мүшелерінің белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері (партфоля);
7) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
Қосымша ақпараттар үшін Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің 22-2-90 телефонына байланысуға болады. Жауапты маман А.Әбдірейімов (87753226532).