№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды


13-21 маусым аралығында республикалық «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды. Негізгі мақсаты – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмауға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Қаламқас Каримова хабарлады.


«Акция аясында кейбір мәселелердің алдын алу үшін облыс тұрғындарына кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Негізінен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түп тамыры – адамдардың тәрбиесінен басталады. Сол үшін өңірдегі бірнеше ұйымдармен бірлесіп ауқымды жұмыстарды жүргізбекпіз», – деді Қаламқас Арыстанқызы.


Биыл өңірдегі «Қамқорлық» дағдарыс орталығына 160 азамат көмекке жүгінген. Олардың 116-ы камелет жасына толмағандар болса, 44-і нәзік жан. Аталған орталықта зорлық-зомбылықтың зардабын көргендер үшін 8 бағытта көмек көрсетіледі.


«2017 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтар үшін “Қамқорлық” дағдарыс орталығы қызмет көрсетіп келеді. Біздің орталықта 6 ай мерзімде 8 бағыт бойынша азаматтарға көмек беріледі. Атап айтқанда, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық және еңбек бағытында. Отбасында қиындық көргендердің басым бөлігі – күш көрсету және психологиялық қысым көргендер. Олар құқықтық тұрғыда қорғалады», – деді «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов.«Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 670-ке жуық азамат қорғауға алынды. Ал 180 адамға мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар белгіленді. Қолайсыз отбасы ретінде 20 отбасы тізімге алынды», – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы Алмара Махмудқызы.
13 маусым 2022 ж. 298 0