№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қантқа байланысты дүрбелең болып жатыр

Қантқа байланысты дүрбелең болып жатыр


Өзбекстанда базарлар мен дүкендерде қант үшін бұрын-соңды болмаған дүрбелең байқалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзбек БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Жақында әлеуметтік желілерде Өзбекстан супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар арасындағы дүрбелең көрінетін бейнеролик тарады. Оған ерлер де, әйелдер де қатысқан.

Желі қолданушылары Ташкент базарларында қант үшін кезек болып жатқанын жазып жатыр. Соның ішінде бұл жағдай «Куйлюк» базарында байқалады.

«Адамдар, айтыңыздаршы, неге мұндай жағдайға жету керек? Бұл – жай ғана жүйке жүйесін өлтіру. Суретте 10 мың сум тұратын қант үшін кезек. Бұл елдегі соңғы қант сияқты. Байғұс милиция концертте жүргендей тұр», – деп жазды өзбек астанасының тұрғыны Facebook-те.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірнеше күн бойы Юнусабад дехкан базарында және басқа базарларда да болып жатыр.
Ал билік өкілдері елде қанттың жеткілікті қоры барын, тапшылық болмайтынын айтқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
12 маусым 2022 ж. 405 0