«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Елімізде киік аулауға рұқсат етілуі мүмкін

Елімізде киік аулауға рұқсат етілуі мүмкін


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген бұйрықты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан 7 жыл бұрын қабылданған нормативтік құжат бұл жолы «киіктердің дириватын жинау» тармақшасымен толықтырылған.
Бұдан бөлек, толықтырулар негізінде кәсіпшілік, әуесқойлық, мелиорациялық, ғылыми-зерттеу және эпизоотияны болдырмау мақсатында аң аулауға, киіктердің дириватын жинауға рұқсат беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты органдар:

Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар;

Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство;

Киіктердің дериваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді.

Бұйрық «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Құжатты талқылау 21 маусымға дейін жалғасады.
08 маусым 2022 ж. 292 0