Қызылорда облысында референдумға байқаушыларды дайындау белсенді жүргізілуде
«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандарында байқаушыларға оқыту семинарларын жүргізді. Семинарға барлығы 1300-ден астам байқаушылар қатысты.
Ең алдымен Ж.Тұсмағамбетов: «Референдум қазақ халқының құқықтық қайнар көзі. Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша біз жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Барша қазақстандықтар референдумға белсене атсалысуы қажет деп санаймын», -деп атап өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының, "Референдум туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары, сайлау процесіне қатысушылардың рөлі және референдум өткізілетін күнгі байқаушылар институтының маңыздылығы қаралып, жан-жақты түсіндірме берілді.
Филиал өкілдері алдағы аптада Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарында байқаушыларға семинарлар өткізеді.