Соңғы жаңалықтар

№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Өзгеріске бастайтын саяси оқиға

Өзгеріске бастайтын саяси оқиға


Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Сұлтанбек Мәкежанов «Тұран» университеті мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Жүздесу барысында қатысушылар алдағы референдум мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы жан-жақты хабардар етілді.

Бақытжан Жұмағұлов өз сө­зін­де әрбір қазақстандықтың референдумға қатысуы маңыз­ды екенін атап өтті. Консти­ту­ция­лық ре­форма азаматтар өмі­рінің барлық саласына жа­ңа­лық әке­ле­тіні және елімізді одан әрі ны­ғай­туда оң өзгерістер болатыны айтылды.

«Қазақстан Конституция бойынша прези­дент­тік бас­қа­­ру ныса­нын­да­ғы демо­кра­тиялық, зайырлы, бір­тұ­тас және әлеу­­мет­тік-құқық­тық мем­­лекет. Адам, оның өмі­рі, құ­қық­тары мен бос­­тан­дық­та­­ры – мем­ле­кет­тің ең қым­бат қазы­на­сы», деп атап өтті Бақытжан Жұмағұлов.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежа­нов өз сөзінде Мемлекет басшы­сы­ның өңірлерді дамыту, жер­гі­­лік­ті атқарушы орган­дар­дың жұмысын жетілдіру және жер­гілікті өзін-өзі басқаруды өріс­те­ту мәселелеріне баса назар аударатынын атап өтті.

«Енгізілген өзгерістерге сәй­кес, әкімдерді балама негіз­де сайлау тетігін іске асыру мәс­ли­хаттардың рөлі мен ық­па­­лын күшейтеді, кадрлық ш­е­шімдер қабылдау кезінде жер­гілікті ха­лық­тың мүддесін жақсы ескеруге мүмкіндік бере­ді», деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутаттар сонымен қатар оқытушылардың өзекті сұрақ­та­ры­на жауап берді. Депутат Динар Нөкетаева оларға жоғары білім са­ла­сындағы интернационалдандыру бағыттары және мектептерде кәс­іптік бағдар беру мамандарын ен­гізуді жос­парлау туралы ойларын ортаға салды.
02 маусым 2022 ж. 304 0