№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Дауыс беру – азаматтық парыз

Дауыс беру – азаматтық парыз

Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болып, профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен бірге алдағы референдумды талқылады.


Б.Жұмағұлов кездесу барысында конс­ти­туциялық реформалардың маңызын атап өтіп, еліміздің Конституциясына енгізі­ле­тін өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжей айтып берді.

«Елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Жаңа Қазақстан идеясының дамуы Екінші республиканың тұжырымдамасында мазмұндалған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай үлкен өзгерістерді қолға алды. Егемендік, жеріміз, еліміз және тіліміз – біздің басты құндылығымыз болып табылады. Біз қазақ тілінің дамуына баса назар аударуымыз керек. Әрине, біз басқа да шет тілдерін білуіміз керек, бірақ алдымен туған тілі­мізді құрметтеуіміз керек», деді Сенат депутаты.

Өз кезегінде Н.Бекенов студент­тер­ді мемлекет дамуына белсенді қатысуға шақырды. Ол үшін биыл 5 маусымда өтетін референдумға қатысу аса маңызды болып отыр.

«Конституциялық өзгерістер – бұл сая­си реформа ғана емес, сонымен бірге біз­дің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясының 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Сондықтан бәріңізді референдумда дауыс беруге шақырамын, бұл біздің азаматтық парызымыз», деді Н.Бекенов.
26 мамыр 2022 ж. 552 0