№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Референдум әділетті Қазақстан құрудың алғышарты

Референдум әділетті Қазақстан құрудың алғышарты


Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген «AMANAT»партиясы республикалық штабының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш ауданындағы жетекші шаруашылықтардың бірі «Таң LTD» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті.


Алдымен шарушылық жұмысымен танысқан халық қалаулылары еңбек ұжымына референдумның маңыздылығы сондай-ақ, еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндірді.

Өңірдің барлық аудандарында болып, түрлі сала өкілдерімен кездесіп келеміз. Олармен болған жүздесулерде көптеген мәселе көтеріліп жатыр. Соның ішінде әйел азаматтардың зейнет жасын қысқарту, жайылым жер тапшылығы, өнеркәсіп орындарын ашу, субсидия алу төңірегінде ұсыныстар айтылды. Президенттің референдум өткізудегі шешімі нағыз халық үніне құлақ асатын мемлекеттің басты ұстанымының көрінісі екенін білдіреді. Бұл референдум шын мәнінде әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты, – деді республикалық штаб мүшесі Бақытбек Смағұл.

Өз кезегінде сөз алған Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских референдум маңыздылығын мен азаматтар құқықтарының қорғалуы бағытында енгізілетін өзгерістерге тоқталды.

Құқық қорғау саласында елеулі өзгерістер енгізілмек.Соның ішінде Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, яғни омбудсмен мәртебесі Ата Заңмен айқындалады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалмақ, – деді депутат.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан облыстық, аудандық штаб мүшелері референдум қоғамның жалпы көзқарасын, пікірін тануға, саяси біліктілігін арттыруға, қоғамның түйткілді мәселелерін қарастырып, оңтайлы шешім шығаруға арналған жүйе екенідігін атап өтті.

Кездесу барысында серіктестік қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді. Іс-шара соңында «Таң LTD» ЖШС ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдіріп, референдумға қатысуға дайын екендіктерін айтты.

Мемлекет басшысы «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлыққа қол қойған күннен бастап «AMANAT» партиясы жанынан Президенттің бастамасына қолдау білдіру, саяси шараның маңыздығын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы штабтар құрылған болатын. Бүгінгі күні өңірде барлық деңгейдегі штаб мүшелерінің қатысуымен 80 мыңнан астам азаматты қамтыған 500 –ден астам іс-шара өтті.


01 маусым 2022 ж. 318 0