№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Апта ағымы


ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ


«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған республикалық штабтың мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских бүгін Қызылорда қалалық партия филиалында партия активі және ардагерлермен кездесті.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың сөзінше Конституцияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге көмектеседі.
Ал, Геннадий Шиповских халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы, мемлекеттің ісін барлық өлшемдер бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін бүкілхалықтық референдум өткізіліп отырғандығын айтса, Ғалым Әміреев болашақты айқындайтын дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылдантынын атап өтіп, жиналғандарды өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуға шақырды.

ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Қызылорда қаласында түрлі кездесулер өткізді. Азаматтарға жалпыхалықтық референдумның маңызы мен Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.

ұсыныс-пікірлер жинақталды

«AMANAT» партиясы облыстық штабының мүшелері апта барысында «Жан-Арай» ЖШС, «Алтын Орда» құрылыс заттар маркеті, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ және т.б. еңбек ұжымдары, білім, денсаулық, мәдениет, азаматтық қоғам және сауда-логистика саласы өкілдерімен кездесті. Алдағы науқанның мән-маңызын түсіндірді. Кездесулер барысында азаматтардың ұсыныс-пікірлері жинақталды.

ҚОС АУДАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ

Партияның мобильді қоғамдық қабылдау тобы Қазалы ауданындағы Қожабақы, Бозкөл және Жаңақорған ауданындағы Сүттіқұдық, Бесарық елді мекендерінде көшпелі қабылдау өткізді. Төрт бірдей ауылда өткен көшпелі қабылдауға 50-ге жуық азамат келіп, ауылішілік жол, балабақша, аяқсу, мал жайылымы, жұмысқа орналасу сынды түрлі мәселелерді ортаға салды. Қабылдау барысында 20-ға жуық өтініш  дереу шешімін тапса, қалған өтініштерді мобильді топ өкілдері партиялық бақылауға алды.

Аптада аймақтық және аумақтық филиалдар мен республикалық, облыстық штаб мүшелері жалпыхалықтық референдумды қолдауға бағытталған түрлі форматтағы 140-қа жуық ақпараттық-насихаттық іс-шара ұйымдастырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
21 мамыр 2022 ж. 500 0