«БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДАМУЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ»
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшесі Бақытбек Смағұл Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық округі, Бірлік ауылының тұрғындарына референдумның маңыздылығы мен рөлін түсіндірді. Республикалық штаб өкілдерімен бірге Облыстық маслихат депутаты Амитов Нуридин Егембердіұлы, Жаңақорған аудандық маслихат хатшысы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудандық маслихат депутаты, штаб мүшесі Ермаханова Мақпал қатысты.

«Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі.


Сонымен қатар, штаб мүшелері ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстары мен сауалдарын тыңдады.
Мәжіліс депутаты қойылған сауалдарға тиісінше жауап беріп, ұсыныстарды қабылдап, ауыл азаматтарын Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына және жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды. #ReferendumAMANAT