Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 550

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Келісімге келді

Келісімге келді

Тараптар татуластырушы судьяның көмегімен келісімге қол жеткізді

Қазақстан Респуликасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген жаңашылдықтардың бірі татуласу рәсімдерінің қолданылу аясын кеңейту, яғни татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс ішінде жүзеге асырылады.Бұл өз кезегінде татуластыру рәсімдерін жан-жақты жүргізуге тараптардың сотқа дейін дауласу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.

Жаңақорған аудандық сотында татуластырушы-судья Э.Рыскуловтың өндірісіне талап қоюшы У-дың жауапкер А-дан қарыз ақша өндіру және талап қоюшы П-ның жауапкер Н-нан шарт бойынша қарыз өндіру жайлы талап қою арыздары бөлінген.

Талап арыз сотқа түскенен кейін татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, оның артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен шешімге келіп, келісімді бекітуге өтініш берген.

Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің талаптарына сәйкес, жауапкерлер берешекті ай сайын бөліп төлеуге міндеттелген, ал талап қоюшылар талап арызын бас тартқан
Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп іс жүргізу тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
19 мамыр 2022 ж. 473 0