Адвокаттар дауласушы тараптарды татуластыруға жәрдемдесті
Партисипативтік рәсім тәртібімен тараптарды татуластыру-бұл Азаматтық процестік Кодекстің негізгі іргетасының бірі десек болады.
Партисипативтік рәсім тәртібі сот жүйесінің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру тұрғысынан азаматтық істерді қараудың процестік тәртібін айқындайды.
Дауды сотқа дейін реттеу тараптарға дауды қысқа мерзімде, материалдық және моральдық аз шығындармен реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ дауласушы тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дау-жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін қарастыра алады.
Осы партисипативтік рәсім тәртібімен Жаңақорған аудандық сотының іс жүргізуіндегі азаматтық іс оң шешімін тапты.
Сотта талап қоюшы А. жауапкер А-дан
7 500 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
Татуластырушы судьямен жүргізілген татуластыру рәсімдері нәтижесінде тараптар сотқа дейінгі хаттама жасап, адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді және істі өздерінің қатысуынсыз қарауды сұраған.
Істі сотта қарау барысында судья дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу құқықтарын түсіндірді.
Тараптар дауды адвокаттардың жәрдемдесуімен партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттары А.Сансызбаев пен Ә.Оңласбековтің жәрдемдесулерімен жүзеге асырылды.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша талап қоюшы А., жауапкер А-дан қарыз ақшаны өндіру жайлы талабынан бас тартты және жауапкер талап қоюшының пайдасына 2022 жылғы ай сайын қарызы толық төленгенше 1 000000 теңгеден өтеуге міндеттенді.
Осылайша тараптар істі партисипативтік рәсім арқылы реттеп, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрынғы қарым-қатынастарын сақтап қалды.
Енді бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Бұл өз кезегінде татуластыру арқылы бір іс шегінде тараптар бірқатар мәселелерді шеше алатындығының көрінісі.