Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сапарбаев Қайрат Әбдірахманұлын 60 жас мерейтойымен құттықтады.
Қайрат Әбдірахманұлы еңбек жолын 1988 жылы «Средазкабель» зауытында инженер-технолог ретінде бастаған. 1989 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында аға агроном, диспетчер, кадр бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласып, аудан әкімдігі мен ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, экономист, 2012-2015 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшының орынбасары, 2015-2016 жылдары Жаңақорған кентінің әкімі болып қызмет атқарды.
Сондай-ақ, «СКЗ-U» ЖШС-де қоршаған ортаны қорғау және халықаралық стандарттар жөніндегі аға менеджер қызметін атқарып, өндірістік салада да тәжірибе жинақтаған.
2020 жылдан бастап Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді.
Сондай-ақ, мерейтой иесін III дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің, “Ерен еңбегі үшін” мемлекеттік наградасының иегері, ауданның Құрметті азаматы, Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысов құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
29 шілде 2025 ж. 1 379 0