Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдум: түсіндірме жұмысы жалғасуда

Референдум: түсіндірме жұмысы жалғасуда


Санаулы күндерден кейін елімізде Ата Заңға өзгерістер енгізуге қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Елдің ертеңіне, кемел келешегі мен баянды болашағына бастайтын Конституциялық өзгерістерге қатысты ел арасында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Саяси науқанға қатысуға халықты үгіттеу жиілеуде. Өйткені, бұл егемен елдің ертеңіне бастайтын биік баспалдақ деуге болады.


Өткен апта соңында «Арман» кенттік мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар оқу өткізілді. Семинарға аудандық референдум комиссиясы құрамы мен учаскелік референдум комиссиясының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Алдымен оқуда облыстық референдум комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев «Республикалық референдум өткізудің кейбір ерекшеліктері туралы» түсіндірме жасады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер енгізуге орай референдум өткізу туралы ұсынысы Ата Заңымыздың жаңаша сипатқа ие болатындығын көрсетеді. Бұл – еліміздің тағдыры үшін жаңа қадам, айрықша мәнге ие. Бұл – дамудың жаңа әрі тарихи кезеңі. Сондықтан елімізде санаулы күндерден кейін өтетін бүкілхалықтық референдумға түгел қатысып, Жаңа және Әділетті Қазақстанды құруға баршамыз атсалысайық – деді Ғалым Қонақбайұлы.
Облыстық референдум комиссия төрағасының орынбасары Болат Нұржігітұлы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» туралы баяндады. Яғни, бұл науқан қалай өткізіледі, кімдер қатысады, дайындық қалай жүргізілуде, осы сауалдарды рет-ретімен жүйеледі. Ал, аудандық прокуратураның аға прокуроры Мұхтар Ендіберген «Референдумға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі туралы» сөз етті. Жалпы, Ата Заңның негізгі өзегі, қағидалары мен заңдылықтары жөнінде түсіндірілді. Қорқыт Ата атындағы университетінің оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Аян Ахметова республикалық референдум өткізудің сайлау күні «Іскерлік ойыны» тақырыбында лекция оқыды.
Семинар соңында арнайы топ мүшелері қатысушылармен еркін форматта пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Сол секілді аудандық штаб мүшелері «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы» ғимаратында кент тұрғындарымен кездесу өткізіп, науқанның негізгі тақырыптарын талқылады. Кездесу барысында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы бойынша өтетін референдум аясында ақпараттар беріліп, үнпарақтар таратылды.
Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жастарды да қызықтырып отыр. Өйткені елдің ертеңіне елеңдеп, адал қызмет етуді мақсат еткен отаншыл жастардың қалауы – жарқын болашақ. Отаншылдық, патриоттық сезімі бар жастар елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне оң ықпалын тигізер өзгерістерді қолдайды. Соның дәлеліндей, өңірдегі жас белсенділер әлеуметтік желілерде референдумға қолдау білдіру мақсатында жиі-жиі жиналып, қатарластарын маңызды науқанға қатысуға шақыруда.
Аудан жастары «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында» бас қосып, ортақ мүддеге ұйысты. «Президенттің мұндай бастамасын жаһандық сын-қатерлерге толы қазіргі кезеңде елдің саяси жүйесін жедел жаңғыртуға жасалған батыл қадам деуге болады. Демек референдум – әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік» деген қоғамдық штабтың төрағасы Мақсат Құлмырзаев аудан жастарына алдымен референдум туралы кеңінен баяндады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 мамыр 2022 ж. 466 0